«Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі 2019 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Мақаланың шыққан күні: 10.01.2020

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы А.Құмаровтың 2020 жылғы 09 қаңтардағы №5 бұйрығы негізінде 2019 жылдың 1 қаңтарынан – 31 желтоқсан аралығында топ басшысы Л.С.Аққажиева, топ мүшелері З.Ә.Кинжеғалиева, А.Б.Акиянова, Ә.Ж.Жандос, Р.М.Молдағалиеваның “Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы”ММ №2 мемлекеттік аудит бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге басшылық жасау, үйлестіру және жауапкершілік пен жұмыс нәтижелері аппарат басшысының уақытша міндетін атқарушы А.Құмаровқа жүктелген.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 – V “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңына, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 “сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы” бұйрығына сәйкес Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының №2 мемлекеттік аудит бөлімінің (бұдан әрі – №2 бөлім) қызметінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

– бөлімше қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

“Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы” Заңның №2 бөлімінің қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілер, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидасы, “Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы” мемлекеттік мекемесінің Ережесі, “Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы” мемлекеттік мекемесінің регламенті талданып, қаралды. Нормативтік құқықтық актілерде жүргізілген мониторинг нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормалар анықталған жоқ.

– бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауға келесі бағыттар тартылды:

1) №2 бөлімнің құрылымының штат санын Тексеру комиссиясының төрағасы бекітеді және мыналардан тұрады: бөлім басшысы – мемлекеттік аудитор және 2 бас инспектор-мемлекеттік аудитор, 4 бас маман. Қазіргі уақытта бөлімде 1 бас инспектор, 1 бас маман лауазымдары бос. Бос лауазымға орналасуға жалпы және ішкі конкурс өткізіледі.

2) мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ;

3) бөлім Мемлекеттік қызмет көрсетпейді;

4) бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ;

5)аудиторлық қызметті іске асыру Қазақстан Республикасы “Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы” 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №17-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Тексеру комиссиясы төрағасының 2019 жылғы 7 наурыздағы №50 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сәйкес айына бір рет мемлекеттік аудит объектілерінде аудит жүргізу кезінде мемлекеттік аудиторлардың моральдық-этикалық нормаларды бұзуы немесе сақтауы тұрғысынан сауалнама және түсіндірме жұмыстар жүргізіледі.

№2 бөлімнің барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің “Ақпараттық сервис” базасы бойынша тексерілді. Мемлекеттік қызметшілерге соттылық пен айыппұл салынған жоқ.

№2 бөлім қызметкерлеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ, тексеру жүргізілген жоқ.

№2 бөлімінің мемлекеттік қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізілді, зерттелген кезеңде теріс материалдар анықталған жоқ.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, жұмыс тобы №2 бөлімнің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ деген қорытындыға келді.

Алайда, №2 бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында жұмыс тобы ұсынады:

1. Тұрақты негізде аудит объектісінде тексеру комиссиясының байланыс ақпаратын (сенім телефонын) орналастыруға.

2. Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі анықтаған аудиторлық есепті жасау кезінде мемлекеттік аудиттің жалпы стандарттары мен рәсімдік стандарттарының талаптарын бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларды жауапкершілікті қарастыруға.

 

Келісілді:

Жұмыс тобы: Л.Аққажиева

З.Кинжеғалиева

А.Акиянова

Ә.Жандос

Р.Мулдағалиева

№2 мемлекеттік аудит

бөлімінің басшысы Н.Қонысов

Аппарат басшысының у.м.а. А.Құмаров


Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру комиссиясының төрағасы
Равиль Тюлебаев
Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Наурыз (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031