Атырау облысы бойынша спорт түрлерін саралау бөлігінде және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жұмсалынған бюджет қаражатының дұрыстығына мемлекеттік аудит жүргізу нәтижелері бойынша

Мақаланың шыққан күні: 25.11.2020

2020 жылдың 20 қарашада Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Атырау облысы бойынша спорт түрлерін саралау бөлігінде және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жұмсалынған бюджет қаражатының дұрыстығына мемлекеттік аудиттің қорытындысы қаралды. Мемлекеттік аудитпен 7 аудит объектісі мен үстеме тексеріспен 1 аудит объектісі қамтылды. Мемлекеттік аудитпен барлығы 50 309,0 мың теңгенің бұзушылықтары, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 6 030,2 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау – 44 278,8 мың теңге және рәсімдік сипаттағы 10 бірлік бұзушылықтар анықталды. Жүргізілген аудит қорытындысымен жалпы сомасы 912,9 мың теңге бюджет қаражаты қалпына (бюджет есебіне өтелді) келтірілді.

Анықталған бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы», 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы №1210 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулыларының  талаптарын жеткілікті деңгейде басшылыққа алмаудан орын алған.

Соның салдарынан аудит объектілерінде еңбекақы есептеп төлеуде, жанар-жағар май мен іс-сапарға қаражат жұмсауда, мемлекеттік сатып алу мен бухгалтерлік есепті жүргізуде, басшылар мен есеп кадрларының тарапынан уақытылы қадағалау мен талдау жұмыстарының жүргізілмеуінен жоғарыда аталған бұзушылықтарға жол берілген. Бұның өзі бюджет қаражатын тиімді жоспарлау, әрі үнемді жұмсау қағидаттарының сақталмауына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылық нормаларына сәйкестігіне қайшы келетіндігін атап өткен қажет.

Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша аудитпен қамтылған мекемелерде анықталған бұзушылықтарды жою, бюджет және өзге де заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

 


Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру комиссиясының төрағасы
Фамилия Имя
Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Желтоқсан (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031