Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-не бюджеттен бөлінген қаражатының жұмсалуына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізунәтижелері бойынша Баспасөз-релиз

Мақаланың шыққан күні: 29.03.2019

2019 жылдың 28 наурызында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-не бюджеттен бөлінген қаражатының жұмсалуынамемлекеттік аудиттің қорытындысықаралды.

Мемлекеттік аудитпен 1 аудит объектісі – Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қамтылды.

Аудитпен облыстық бюджетінен бөлініп 2016-2018 жылдары игерілген жалпы сомасы 270 091,0мың теңге қаржы қамтылып, нәтижесінде барлығы 11 663,2 мың теңгенің бұзушылықтары мен кемшіліктері анықталды. Оның ішінде 1943,7мың теңгенің қаржылық бұзушылықтары болса, 9719,5 мың теңгенің тиімсіз жұмсалған қаражат сомасыжәне 2 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтары орын алған.

Аудит объектілерінде анықталған бұзушықтардың көпшілігі лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу кезінде, бухгалтерлік есепті жүргізу барысында, іс сапар шығындарын есептеу, Еңбек кодексінің, Мемлекеттік сатып алу туралы заңының, бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерінің талаптары толық тиісті деңгейде сақталмауынан орын алып отыр.

Соның ішінде қызметкерледің еңбекақыларын есептеу және төлеу дұрыстығына аудит жүргізу барысында жалпы сома 778,6 мың теңгенің қаржы бұзушылықтарына жол берілгенді анықталды. Іссапар шығыстары бойынша тәулікақы, пәтерақы және жолақы мөлшерінің сақталмауынан жалпы сомасы 168,2 мың теңгенің артық шығындалуына жол берілген. Активтердің, тауарлық-материалдық құндылықтардың есепке алынуын және есептен шығару дұрыстығына аудит жүргізу барысында2016 жылы сатып алынған жалпы сома 175,0 мың теңгенің негізгі құралдары мекеменің теңгеріміне алынбағанжәне 679,1 мың теңгенің негізгі құралдары бухгалтерлік есепте тиісті шоттарында тұрмай, тез тозатын тауарлар мен материалдар есептелетін шоттарда тұрғандығы анықталды. Мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының талаптарының сақталуына аудит жүргізу барысында келісім шарттармен қаралған тауардың жеткізілуі, жұмыстар мен қызметтердің мерзімдерінің сақталмауынан жалпы сомасы 142,9 мың теңгенің тұрақсыздық айыппұлы есептелінбеген. Тиісінше, мекеме әкімшілігі тарапынан мұндай өнім берушілерді жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап арызбен жүгінбеген. Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша аудитпен қамтылған мекемеде анықталған бұзушылықтарды жою, бюджет және өзге де заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.


Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру комиссиясының төрағасы
Фамилия Имя
Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Маусым (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930