«Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-сі, Атырау қаласы, М.Әуезов көшесі, 80 мекен-жайы бойынша орналасқан мәжіліс залында, 2019 жылдың 26 шілде күні сағ.1500-де «Атырау облысы бойынша техникалық, кәсіптік білім беру, мектепке дейінгі және жалпы орта білім беретін оқу ұйымдары қызметінің тиімділігіне сараптамалық-талдау» аудиторлық іс-шарасымен бүгінгі күнге дейін қалпына келтірілмеган қалдық сомалар бойынша (Мақат аудандық білімі бөліміне қарасты Доссор селосындағы О.Сарғұнанов орта мектебі мен Махамбет аудандық білімі бөліміне қарасты Жалғансай орта мектебі бойынша) шаралар алу үшін комиссия отырысы өткізіледі.
Сонымен қатар, сағ.1700-де 2017 жылы «Атырау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары саласына бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс шарасы қорытындысы бойынша берілген Нұсқамалардың тармақтарының орындалу барысы бойынша тексеру комиссияның отырыстары өткізілетіндігін хабарлайды.