Ағымдағы жылдың 9 ақпанында Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасында Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы мен бірлескен аудиттің кезекті отырысында «Орта білім берудегі жан басына шаққандағы қаржыландырумен байланысты шаралардың, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу тиімділігіне аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы қаралды.
Атырау қаласында МЖӘ жобаларын іске асыру шеңберінде «Нұрсая» және «Сарыарқа» ш/а әрқайсысының жобалық қуаты 2000 оқушы орнын құрайтын жалпы білім беретін мектептерді салу және пайдалану жөнінде шешім қабылданған.
МЖӘ құрылыс объектілерінің құны – 21 394,0 млн теңге, оның ішінде ЖБ қоса қаржыландыру (30%)- 6 418,2 млн теңге, жеке серіктестің меншікті қаражаты (70% – қарыз тарту) – 14 975,8 млн теңге.
МЖӘ жобаларына мемлекеттік қолдау үшін: Инвестициялық шығындарды өтеу – 8 906,6 млн теңге; қолжетімділік үшін төлем (соның ішінде операциялық шығындардың өтемақысы) – 15 013,4 млн теңге; мемлекеттік білім тапсырысы (жан басына шаққандағы қаржыландыру) – 28 166,8 млн теңге. Мемлекеттік қолдау шараларының жиынтығы (ЖБ қоса қаржыландыруды есептегенде) – 58 505,0 млн теңгені құрайды.
«Атырау облысының білім басқармасы» ММ-нің тиісті ережесіне сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру өкілеттілігімен құзіретіне кірмеседе, МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік әріптес болып белгіленген.
МЖӘ жобасы бойынша жекеше әріптес болып «BI Construction&Engineering» ЖШС еншілес ұйымы (қатысу үлесінің 100%) болып табылатын «Binom Atyrau» ЖШС (әділет органдарында 2021 жылғы 12 мамырда тіркелген) белгіленген.
Бірлескен аудиторлық іс-шараның қортындысы бойынша мынадай жүйелік проблемалар мен бұзушылықтар анықталып отыр.
Атырау қаласындағы әр қайсысының жобалық қуаты 2000 оқушыны құрайтын екі жалпы білім беретін мектепті салу және пайдалану бойынша МӘЖ жобасын іске асыру кезінде жеке әріптес конкурстық құжаттамада көзделген елеулі талаптардың бірі бола табылатын МӘЖ жобасы құқының 20%-ы мөлшерінде меншікті капиталды енгізуді қамтамасыз етпеген және тиісінше «Binom Atyrau» ЖШС-нің конкурстық өтінімін мемлекеттік әріптестік қабылдамауға тиіс еді.
Атырау қаласында екі жалпы білім беретін мектеп салу бойынша МИЖ-ді іске асыру тәсілін айқындау және МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде жекеше әріптесті айқындау бойынша рәсімдер бастапқыда формальды сипатта болған, өйткені ол «Binom Atyrau» ЖШС-ға бағдарланған:
– инвестициялық ұсынысты қалыптастыру кезінде бюджеттік инвестициялық жоба арқылы жобаны іске асырудың экономикалық әсері тиісті түрде есептелмеген;
– әлеуетті жекеше әріптесті конкурстың жеңімпазы деп тану туралы хаттама жоқ;
– МЖӘ жобасын іске асыру рәсімі жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттарсыз басталған, құрылыс жұмыстары МЖӘ конкурсының қорытындысы шығарылғанға дейін жүргізілген.
МЖӘ жобасын пайдалану кезеңінде екі МЖӘ жобасы бойынша жекеше әріптес «Binom Atyrau» ЖШС-ның болжамды таза пайдасы 4,6 млрд теңгені құрады («Нұрсая» және «Сарыарқа» мектептері).
Нұрсая шағын ауданында мектеп салу бойынша МЖӘ жобасы мысалында жобаны іске асыру кезеңінде (5 жыл) жекеше әріптес 2,1 млрд теңге мөлшерінде пайдалану шығыстарын салған. Клининг қызметінің өзі ай сайын 8,0 млн теңге немесе жылына 96,5 млн теңге сомасына бағаланған.
Сондай-ақ, МЖӘ жобасы бойынша 2022 жылға педагогикалық құрамның еңбек ақыларын есептеу кезінде, шебер педагогтерінің лауазымдық айлықақыларын белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін дұрыс қолданылмай және қосымша еңбекақыларын дұрыс есептемеу салдарынан еңбекақы қорынан 727,4 млн. теңге өсуіне әкелген.
Жалпы, МЖӘ жобаларының операциялық шығыстары мемлекеттік білім беру ұйымдарының шығыстарынан екі есе көп, бұл өз кезегінде жергілікті бюджеттерге түсетін жүктемені ұлғайтады.
ҚРИДМ ТКШК Төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы №249-нқ ҚР ИИДМ ҚІжТКШК төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығының 61 және 66-тармақтары бұзыла отырып, жалпы сомасы 5 357,5 млн теңгеге технологиялық жабдық, жиһаз және оқу құралдары баламалы нұсқаларды тиісті талдаусыз ЖСҚ-ға енгізілген.
Жүргізілген аудитпен жалпы сомасы 5 357,5 млн теңгені тиімсіз жоспарлағаны анықталды. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 26 бірлік.
Отырыс қорытындысымен, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясына қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде Атырау қаласының («Нұрсая», «Сарыарқа») аумағындағы жалпы білім беретін мектепті салу және пайдалану жобасында потенциялдық жеке әріптестікті конкурсқа қатысуға жол берген заңсыздықтар бойынша материалдарды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке жіберу жөнінде шешім қабылданды.