Ағымдағы жылдың 18-шы мамырда Мәслихаттың экономика, бюджет және аграрлық даму саласы бойынша тұрақты Комиссиясының отырысы өткізілді. Күн тәртібінде: Қалалық қаржы бөлімінің 2020 жылғы Атырау қаласы бюджетінің атқарылуы туралы.

Мақаланың шыққан күні: 18.05.2021

Ағымдағы жылдың 18-шы мамырда Мәслихаттың экономика, бюджет және аграрлық даму саласы бойынша тұрақты Комиссиясының отырысы өткізілді.

​Күн тәртібінде: Қалалық қаржы бөлімінің 2020 жылғы Атырау қаласы бюджетінің атқарылуы туралы.

Атырау облысы бойынша Тексеру комисссиясының 2020 жылғы Атырау қаласы бюджетінің атқарылуы туралы.

Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің 2020 жылғы Атырау қаласы бюджетінің атқарылуы туралы.

Қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының 2020 жылғы аумақтық даму бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы.

​            Отырыста Тексеру комиссиясы төрағасының м.у.а А.Ж.Құмаровтың 2020 жылғы Атырау қаласы бюджетінің атқарылуы туралы баяндамасы тыңдалып, депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.

Қала бюджетінің орындалысы бойынша бұзушылықтарға қатысты ескере отырып, қанағаттанарлық-деген баға берді.

Қорытылай келе, қазіргі таңда, бюджет қаржысын тиімді әрі мақсатты жұмсалудың бірінші кезекте әрі маңызды екенін ескере отырып, Жергілікті атқарушы органдарға төмендегідей ұсыныстар берді:

– Жергілікті бюджетті жоспарлау жөніндегі атқарушы органдар тарапынан кірістер жөніндегі уәкілетті органдармен тығыз байланыс жасап, салық базасын кеңейту жөнінде кешенді шаралар қабылдау қажет;

– Кірістер мен түсімдерге жауапты уәкілетті органдар тарапынан түсімдердің қосымша резерв көздерін талдау жасап қалыптастыру және бюджетке берешектерді өндіру жұмыстарын жандандыруды;

– Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер бойынша әрбір төленген түбіртектерді уәкілетті органдармен салыстырып отыруды қамтамысыз етуді;

– Шығыс бөлігінде барлық мекеменің бірінші басшылары әсіресе білім саласы мен селолық округтерде электрондық қолтаңбаны өзі пайдалану және электронды нұсқасымен қағаз түріндегі төлемдер бойынша әрбір бюджеттен жұмсалған қаражатты жеке тікелей бақылауға алуып тексеріп отыруды қамтамасыз етуді;

– Тапсырыс беруші тараптан келсім шартқа сәйкес жасақталған құрылыс және қызмет көрсету жұмыстарын уақытылы аяқтауды;

– Квазимемлкеттік сектор субъектілеріне жіберілген бюджет қараждаттарын трансферттерді бөлу кезінде экономист мамандар тарапынан бюджет қаржысын үнемді және тиімімді жоспарллауды толық қамтамасыз ету;

– Заң нормаларында қарама қайшы келген олқылықтар бойынша ұсыныстар енгізуді;

– Анықталған қаржы және өзгеде заң бұзушылықтарды болғызбауды алдын алуды және есепші қызметкерлерге семинар кеңестерді ұйымдастыруды мәселелерін қарастыруды ұсынамыз.

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1494

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
revcomatyrau
45-84-41
Маусым (2021)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930