Ағымдағы жылдың 27 ақпанындағы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің тексеру комиссияларымен өткізген видеоконференция байланысы жөнінде

Мақаланың шыққан күні: 07.03.2019

Ағымдағы жылдың 27 ақпанында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Аппарат басшысы Қалижан Серікұлы Әбдірайымовтың төрағалығымен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялардың қызметкерлерімен видеоконференцбайланыс режимінде семинар-кеңесі өткізілді. Семинар-кеңеске Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының барлық қызметкерлері қатысты.

Аталған кеңесте:

– Есеп комитетінің қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кейбір мәселелері туралы;

– Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды көрсету кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын қолданудың дұрыстығына заң сараптамасын жүргізу тәжірибесі жәнеаудиторлық іс-шараларды құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асыру және аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша қабылданатын құжаттарды жасау кезінде құқықтық қолдау көрсету мәселелері туралы;

– Әдіснамалық құжаттарды жетілдіру, өзектіету және проблемалық мәселелері туралы;

– Мемлекеттік аудит материалдарына сапа бақылауын жүргізу мәселелері туралы баяндап, талқылады.


Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру комиссиясының төрағасы
Фамилия Имя
Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Желтоқсан (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031