27.04.2021 ж.
2021 жылдың 27 сәуір күні Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің бейнеконференс режиміндегі отырысы өткізілді. Отырысқа Тексеру комиссиясы төрағасының м.у.а А.Құмаров, тексеру комиссиясының мүшелері, аппарат басшысы және бөлім басшылары қатынасты.
Үйлестіру кеңесінің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Олар:
1.«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының 2020 жылғы бірінші және екінші жартыжылдықтағы қызметін бағалау нәтижелері туралы»
2.«Мемлекеттік аудит органдарының Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтауына жүргізілген бақылаудың және жоспарлы тәртіппен олардың қызметтерін бағалаудың нәтижелері туралы»
- «Тиімділік аудитін жүргізу рәсімдерін жетілдіру туралы».
Сонымен қатар, жергілікті Тексеру комиссияларына бірқатар тапсырмалар берілді.