16.04.2021.
2021 жылдың 16 сәуір күні Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясында «2020 жылғы Атырау облыстық, қала, аудандардың бюджеттерінің атқарылуына және 2020 жылға Атырау облысы бойынша «2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасының» іске асырылуына баға беру» сараптамалық талдау іс-шарасы нәтижелері бойынша қорытынды отырысы өткізіліп, Тексеру комиссиясының мүшесі Н.А.Қонысов баяндама жасады.
Сараптамалық-талдау іс-шарасы қорытындысымен қамтылған 11 аудит объектілері бойынша жалпы сомасы 200 000,0 мың теңгенің тиімсіз жоспарланғаны анықталды. Сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 32 бірлік.
Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерге ықпал еткен негізгі себептер Бюджет заңнамасы, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманың талаптары сақталмауынан болып отыр.
Отырыс қорытындысы бойынша аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды және оларға ықпал ететін себептерді жоюға бағытталған тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, «Атырау қаласында Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына баға беру, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бөлінген бюджет қаражатының орындалысына, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының төтенше жағдай кезеңінде бөлінген бюджет қаражатынан қаржыландырылуы және мақсатына сай пайдалануына мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы нәтижелері бойынша қорытынды отырысы өткізіліп, Тексеру комиссиясының мүшесі Г.М.Қайрошева баяндама жасады.
Аталған аудиторлық іс-шарамен «Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі және оған қарасты мектепке дейінгі 41 балабақшалар қамтылды.
Жүргізілген аудит нәтижесімен, жалпы сомасы 366 964,9 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 314 952,1 мың теңге, бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану 46 435,7 мың теңге, бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау 5 577,1 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар 147 бірлікті құрап отыр. Аудит барысында қаржы бұзушылық сомасының қалпына келтірілгені (өтелгені) 29 992,6 мың теңге.
Отырыс қорытындысы бойынша аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою және алға қарай болдырмау мақсатында нұсқамалар мен ұсынымдар берілді.
15.04.2021.
Бүгін, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасымен бекітілген “ Рухани жаңғыру” бағдарламасының “Өзгерістерді өзіңнен баста” кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша 2021 жылға арналған жоспары және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2021 жылға арналған Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметіне бағытталған ұсынымды іс-шаралардың кешенді жоспарына сәйкес бейнекоференцбайланыс арқылы 2021 жылдың 1 тоқсанына атқарылған жұмыстар қорытындысы тыңдалды.
13.04.2021.
2021 жылдың 13 сәуір күні Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясында «Атырау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп аппарат мәжілісі өткізілді.
Мәжілісте, «Атырау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы А.Адиева кеңсенің атқарылған жұмыстарына тоқтала келе, 2021 жылдың 13 сәуірмен «Атырау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы арасында Ынтымақтастық келісім-шарты жасақталып қол қойылды.
Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының міндетін уақытша атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкілі А.Құмаров 2020 жылдың қорытындысымен, 2021 жылдың 3 айында атқарылған жұмыс қорытындылары туралы талқыланды.
Сонымен қатар, 2021 жылға бекітілген әдеп жөніндегі уәкілдің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес “Менің жетістігім” атты шараға Аппарат басшысы лауазымындағы Жанат Махамбетқызы шақырылып, Тексеру комиссиясы төрағасының м.у.а А.Құмаровтың №46 бұйрығымен, лауазымдық міндеттерін үлгілі, маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі және басқа да жетістіктері үшін «Алғыс» жарияланды.
07.04.2021.
Бүгін, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметкерлеріне 2021 жылға арналған техникалық оқытуды жүргізу кестесіне сәйкес Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің басшысы А.Кайргалиева “Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі N6-НҚ нормативтік қаулысы” тақырыбында техникалық оқыту жүргізді.
Қазіргі жағдайды ескере отырып, комиссия қызметкерлерінің 80% ы қашықтықтан жұмыс атқаруына байланысты, техникалық оқыту Zoom форматында өткізілді.
07.04.2021.
Бүгін, Әдеп жөніндегі уәкілдің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, Тексеру комиссиясы қызметкерлерімен “Болашаққа бағдар” аллеясына барып, таныстыру шарасы өтті.
06.04.2021.
2021 жылдың 06 сәуір күні Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясында аппарат мәжілісі өткізілді. Мәжілісте, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындау туралы 18.02.2021 жылғы №12 санды бұйрығымен Азиза Браубаевна Даулетованы Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің жетекші маманына тағайындалып, сынақ мерзімінің аяқталуына байланысты, ант қабылдау рәсімі өткізілді.
Сонымен қатар, Тексеру комиссиясының 06.04.2021 жылғы №43 бұйрығымен Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс нәтижесімен Шынар Орынгалиевна Ахметованы Тексеру комиссиясының жетекші маман лауазымынан босатыла отырып, №1 мемлекеттік аудит бөлімінің бас маманы-мемлекеттік аудитордың ассистенті лауазымына тағайындалды.
Тексеру комиссиясы төрағасының м.у.а А.Құмаров тағайындалған қызметкерлерге берілген тапсырмаларды мерзімінде орындап, мемлекеттік қызметтің адалдығын айта келіп, мамандарға жұмыстарына сәттілік тіледі.
31.03.2021.
Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының м.у.а А.Құмаровтың төрағалығымен 2021 жылдың 31 наурыз күні техникалық оқу болып өтті. Техникалық оқуды Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ж.Молдағалиева «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы №5-НҚ нормативтік қаулысына енгізілген 06.01.2021 жылғы өзгертулер мен толықтырулар туралы түсіндірді. Қызметкерлер А.Утарбаева «Аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асыру тиімділігін бағалау» және А.Жардемовтың «Жобалау сметалық құжаттама» тақырыбында техникалық оқуы тыңдалып сұрақ-жауап алмасып өткізілді.
Сонымен қатар, Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі А.Құмаров «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында түсіндіріп, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында видеороликтер қойылып көрсетілді.
31.03.2021.
«Мемлекеттік қызметшілердің имиджі туралы мақала»
Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.
Қазақстан Респбликасының мемлекеттік қызметі қоғамдық процестерді реттеуге, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге және ҚР азаматтарының мүддесін іске асыруға арналған.
Мемлекеттік қызмет үшін имидждің функционалдық және мәртебелік мәні бар. Ол халықтың оған деген сенімінің көрсеткіші және мемлекет жүргізіп отырған басқару қызметтерін қайта құрудың тиімділігін қоғаммен бағалануының өлшемі болып табылады. Ол мемлекеттік органдар әрекеттерінің нақты әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның талаптарына және күтімдеріне сәйкестігінің дәрежесін бекітеді. Осының салдарынан, имидж азаматтардың мемлекеттік билік органдарына қатынасы бойынша мінезінің болашағын айтарлықтай шамада төмендетеді, мемлекеттік қызметті және оны қалыптастыру бағдарламасын қоғамдық қолдау дәрежесін анықтайды.
Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру осы әлеуметтік институттың тиімді қызмет етуіне және дамуына қажетті жағдай, сонымен қатар мемлекеттік органдар қызметтерінің және мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттыруға арналған жағдай болып табылады.Осы уақытта мемлекет мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру қажеттілігіне қатысты мәселелерге үлкен назар аударып отыр.Имидж (ағылшынның image сөзінен) – тұлғалардың анықталған тобына эмоционалдық – психологиялық ықпал ететін, мақсатты бағытта қалыптастырылған (тұлғаның, ұйымның, көріністердің) бейне.Мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру – ауыр және ұзақ процесс.Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру процесінің өзі атқарушы биліктің имидждік саясатымен тығыз өзара байланыста. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджіне көрінетін негізгі жағдайлар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінде анықталған.Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекеттің тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігі мен моралдық-этикалық келбетіне үлкен талаптар қойылады.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметші – мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.
Мемлекеттік қызметшіде жоғары моралдық жауапкершілік, кәсіби білімі, оны іс жүзінде қолдана білу, адалдық, ынталы өмірлік ұстаным болуы, мемлекеттік қызметшінің патриоттық сезімі, моралдық келбеті болуы қажет.
Тәртіпті бұзғаны үшін, соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының ережесі) бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілерге «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 28 бабына сәйкес мынадай тәртіптік жазаға тарту түрлері қолданылуы мүмкін: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке сәйкес еместігі туралы ескерту, атқаратын қызметінен босату.
Айта кететін жайт, этика нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік қызметшілер ҚР Үкіметінің 2001 ж. 29.08 № 1127 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік органдар қызметкерлеріне сыйақы беру ережесіне сәйкес, тәртіптік жазаны өтегенге дейін (6 айдан соң) сыйақы ала алмайды. Бұл этика нормаларын бұзуды болдырмау үшін қосымша шара бола алады.
Осы уақытта барлық мемлекеттік органдар, соның ішінде Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясында сенім телефоны және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің мәтінімен стенді ілінген.
12.03.2021.
Бүгін Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы міндетін уақытша атқарушы А.Құмаров, N2 мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспектор-мемлекеттік аудиторы Г. Қасимоваға қызметін адал және үлгілік тәртіпте орындағаны үшін “Алғыс” жариялап, бұйрықпен таныстырылды және бүгінгі күнге жасақталып жатырған жұмыстарға шолу жасап, Комиссия қызметкерлеріне бірқатар тапсырмалар берілді.
10.03.2021.
Бүгін Атырау облыстық мәслихатының Бюджет, қаржы, экономика және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі болып өтті. Мәжілістің күн тәртібіне ұсынылған Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің 2020 жылғы бюджеттік салықтық түсімдердің орындалысы туралы есебі және 2021 жылға салық салынатын базаларды кеңейту мәселелері туралы облыстық кірістер департаменті басшысының орынбасары Бекен Шанаев баяндады.
Аталған мәселені талқылауға Атырау облысы бойыншамтексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Асылан Құмаров, облыстық облыстық мәслихаттың депутаттары Нұрлыбек Ожаев, комиссия төрағасы Зәмзәгүл Қарсақова және басқалары қатысып, өңірде салықтық түсімдерді кеңейту мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалу жөніндегі ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.
05.03.2021.
Бүгін, Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2020 жылғы әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы және 2021 жылға арналған жоспары Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі, әдеп жөніндегі уәкіл А.Ж.Құмаровтың баяндамасы тыңдалды.
А.Ж.Құмаров:«Мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзіреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрнеуіне негізделген. Қызметшілердің мінез құлық этикасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жетілдіруде оң құрал болып табылады.
2019 жылдың 01 тамызынан бастап № 91 Тексеру комиссиясының төрағысының бұйрығы негізінде «Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі» болып тағайындалдым.
Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілдің 2020 жылға арналған 19 тармақтан тұратын жұмыс жоспары бекітіліп, оған ақпан айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінен келген ұсынысқа сәйкес өзгеріс енгізіліп 22 тармақ болып қосымша бекітіліп осы жоспарға сәйкес жұмыс атқарылуда.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіліп келеді. Тексеру комиссиясының ғимаратының көрінетін жеріне Әдеп жөніндегі уәкілдің суреті, электрондық поштасы, жұмыс орнының сенім телефоны, әдеп жөніндегі уәкілдің қабылдау кестесі (күн сайын) ілініп, қосымша ақпарат жинақталды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында қабылдау бөлмесінде сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау видеоролик және мемлекеттік қызметшілерге және тексеру комиссиясына келген азаматтарған сыбайлас жемқорлық фактілерін болғызбау жөнінде жағдай жасалу мақсатында кіре беріске көрінетін жерге бірнеше суреттер ілініп тұр.
Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында 5 мәрте анонимді сауалнама жүргізіліп, толығымен оң қорытынды көрсетті.
Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру бағытында күнделікті бақылау жүргізіліп хаттамалық тапсырмалар беріліп отырады. Оның ішінде тексеру комиссиясының мемлекеттік әкімшілік қызмшілеріне кәсіпкелік қызметпен айналысуға болмайтындығы, сыйлық және өзге де игіліктерді алуға тыйым салу, ресми киім үлгісін сақтау, қызметтен тыс уақытта әдеп нормаларын сақтау бойынша т.б туралы қатаң жете түсіндіріліп, ескертіліп отыр.
Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша 4 мәрте консультациялық көмек көрсетілді. Және мемлекеттік қызметішлердің стреске төзімділігін арттыру, депрессияны төмендету бағытында тоқсан сайын шаралар ұйымдастыру бойынша барлық ұжымға түсіндірме жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Мемлекеттік қызметшілердің жеке басының Аккаунттары (фейзбук, инстаграм парақшалары күнделікті тексеріліп және қатаң бақылауға алынып, ол туралы толық мәлімет ай сайын Сіздің департаментке жолданып отырады.
Ашықтық қағидаттарын қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыстар өз деңгейінде жүргізіліп отыр. Өткен жылы бірнеше телеарналарда түрлі тақырыпта сұқпаттар берілді.
Агенттіктің тапсырмасына сәйкес 2020 жылы 12 мақала және 2021 жылдың 2 мақала мемлекеттік қызмет, әдеп, жемқорлық сынды түрлі тақырыптарда Тексеру комиссиясының Facebook әлеуметтік парақша желісінде жалпы 14 мақала жарық көрді және аталған жұмыстар жыл сайын жалғасын табатын болады. Сондай-ақ, комиссия төрағасының республикалық және облыстық баспасөз беттеріне негізгі қызмет сыбайлас жемқорлық тақырыбында бірнеше мақаласы жарияланды.
Персаналды басқару жөніндегі бас инспектормен бірлесіп тексеру комиссиясының қызметкерлерінің Әдеп кодексін және жұмыс регламентін бақылауды қамтамасыз ету бағытында күнделікті қатаң бақылауға алынып, скуд бағдарламасы қызмет атқаруда. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында жұмыс барысымен шығуы келуіне арнайы журнал жүргізіліп отыр. Ай сайын ол туралы ақпарат Агенттігтің Атырау облысы бойынша департаментіне жолданып отырады.
Мемлекеттік қызметшілер үшін еліміздің, өңіріміздің, мұражайларын тарихи-мәдени мұрасының ескерткіштеріне, киелі орындарға экскурсияға баруын қамтамасыз ету бағытында 2020 жылдың 1 тоқсанында тексеру комиссиясының қызметкерлері облыстық мұражайға саяқатқа барып қайтты. Осы жылы да мемлекеттік қызмет алеясына бару жоспарлануда.
2019 жылдың 01 тамызынын бастап комиссияның барлық мемлекеттік қызметшілерге фотосуреттерімен, ұйымның атауымен, электрондық мекен-жайы мен телефоны көрсетілген бейджиктермен толықтай қамтамасыз етіліп, жұмыс регламентіне сәйкес бейджиктерді тағып жүру ұйымдастырылып, жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге фотосуреттерімен, ұйымның атауымен, электрондық мекен-жайы мен телефоны көрсетілген бейджектермен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, мекемені ұстауға арналған шығыстар есебінен жаңа үлгідегі мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің сәйкестендіру картасымен толық қамтамасыз етілді.
Мемлекеттік қызметшілермен оқу үшін әдеби кітаптардың тізімін жасақталып және қызметкерлерге ұсынылып отыр.
Спортшылар немесе өңірдің құрметті азаматтарымен мемлекеттегі және қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша 2020 жылдың 4-тоқсанында салық жүйесінде көп жыл еңбек етіп зейнеткерлікке шыққан азаматпен және спортшы әлемнің бірнеше дүркін жүлдегерімен кездесу кеші өткізілді.
Ұжымда құрметке ие болған мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тәжірибесімен қорыту арқылы «менің жетістігімнің тарихы» атты жоба дайындау және оны өткізу бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Гүлпан Мұхитқызы Қайрошева 2020 жылдың 1-тоқсанында іс-шара өткізілді.
Орталық мемлекеттік органдардан қызметкерлерінің іс-сапарға келуінің барлық фактілері туралы Агенттігтің Атырау облысы бойынша департаментіне ақпаратпен хабарлау және іс-сапарларындағы мінез құлқы туралы жаднамамен таныстыруды ұйымдастыруды қамтамасыз етіліп, Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне міндетті түрде хабарланатын болады.
Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай жариялануына байланысты, сондай-ақ, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен облыс аумағында қосымша шектеулерге байланысты, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі, әдеп жөніндегі уәкілмен Facebook әлеуметтік жеке парақша желісінде мемлекеттік органдардың ашықтығы, қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың 4 рет бейсенбі күні сағат 11-00 де онлайн тікелей эфир режимінде 30 минут көлемінде азаматтардың жеке қабылдауын өткізіліп, онлайн режимінде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік аудит және сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы түсіндірме беріліп толғандырып жүрген сауалдарға жауап берілді.
Әдеп жөніндегі уәкілмен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне студенттеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау тақырыбы бойынша сабақ беріп, студенттермен сұрақ-жауап алмасты.
Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу, жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, Наурыз мерекесіне және қаржы күніне сондай-ақ тәуелсіздік мерекелеріне орай тексеру комиссиясының бірнеше қызметкерлері облыс әкімінің, «Nur Otan» партиясы» төрағасының бірінші орынбасарының алғыс хатымен, Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызмткерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының басшысының құрмет грамматасымен, Атырау қалалық мәслихат хатшысының алғыс хатымен, Тексеру комиссиясының төрағасының алғыс хаттарымен және Есеп комитетінің наградаларымен марапатталды.
Сыбайлас жемқорлықты болғызбау және алдын алу бағытында 2019 жылға тапсырылатын салық есептілігін (декларациясын) уақытылы, сапалы тапсыруды ұйымдастырылып толық ұжым декларация тапсырды.
Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік аудит объектілерінде өздерін Есеп комитетінің Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларын бекіту туралы нормативтік қаулысына сәйкес қызмет атқару жөнінде ұсыныс енгізіліп тапсырма берілді;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және әдеп нормаларын сақталуын алдын алу мақсатында аудит объектісіне шығарға дейін бір жұмыс күн бұрын, жауапты мүше, топ жектекшісі, аудиторлармен және әдеп жөніндегі уәкілдің қатысыуларымен 2020 жылы 13 рет 2021 жылы 2 рет нұсқама өткізілді. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес тұрақты орналасу шегінен тыс өзге де шығулар мінез-құлықы туралы жадынамасы таныстырылып, әрдайым нұсқама міндетті түрде өткізіліп отырады.
Сондай-ақ, тексеру комиссиясының қызметшілеріне сыбайлас жемқорлықты болдырмау оның алдын алу мақсатында республика көлемінде мемлекеттік аудит саласының қызметкерлері тарапынан пара алу үстінде түсірілген, әшкерленген және оларға алынған жауапкершіліктермен қолданылған жазалар туралы бейнеролик көрсетіліп отырады. Тексеру комиссиясы қызметкерлерін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Қылмыстық атқару жүйесінің тыныс тіршілігімен таныстырып отырамыз.
Мемлекеттік қызметтен өз еркімен босатылған мемлекеттік қызметшілерден шығу сұхбатының алынуын бақылауда ұстау, шығу себептерін зерделеу жұмыстарыда назардан тыс қалмайды.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеу жүйесі туралы түсіндірме жұмыстары 2021 жылдың екінші жарты жылдығында жоспарланып отыр.Мемлекеттік қызметшілердің телефон әдебінің» талаптарын сақтау бойынша жасырын қоңырау шалу арқылы талдау жүргізіліп отырады және Сіздің департаменттен келген нұсқаулық барлық қызмешіге таратылды.
Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы бойынша заңнама талаптарын сақтай отырып жер учаскесін бөлінуіне және денсаулық жағдайын жақсарту мақсатында жылдық бақылаудан өтулерін қадағалауға жатқызылған мемлекеттік қызметкшілердің тізімін жасақтау) және еңбек жағдайының жақсарту бағытында ұсыныстар енгізіліп тізбесі жасақталды.
Сіздің департаментке және комиссия төрағасына тоқсан сайын әдеп жөнінде атқарылған жұмыстар туралы ақпарат пен нысапн уақытылы табысталып отыр.
Осы түсіндерме жұмыстардың және атқарылған жұмыстардың нәтижесімен Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілері тарапынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер орын алған жоқ және жеке және заңды тұлғалардан күні бүгінге ондай өтініштер келіп түскен жоқ. Бұл жұмыстарды да әлі жандандырып алға қарай жалғастырамыз» деп сөзін аяқтады.
Жиын соңында Тексеру комиссиясының төрағасы Н.Б.Таушов әдеп жөніндегі уәкіл қызметіне оң баға беріп, ары қарай жұмыстың жетілдіруіне сәттілік тіледі.
26.02.2021.
«Заңдылықты білу мемлекеттік қызметкерлердің парызы»
«Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 18.11.2015 ж. №410-V Заңындағы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 23.11.2015 ж. №416-V Заңындағы соңғы өзгерістер мен толықтыруларды Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметкерлерімен басшылыққа алынуы үнемі талап етіледі және түсіндіру жұмыстары бойынша талқыға салынады.
Сонымен қатар, келесі заңнамалық құқықтық актілердің талап ережелерін мемлекеттік қызмет барысында қатаң сақтау талап етілген:
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 18.11.2015 ж. №410-V Заңындағы 19.12.2020 жылғы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 23.11.2015 ж. №416-V Заңындағы 11.01.2021 жылғы соңғы өзгерістер мен толықтыруларды ескеріп, қызмет тәртібінде басшылыққа алу;
- «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 12.09.2019 ж. №170 бұйрығына 20.11.2019 жылғы соңғы өзгерістер еңгізілген талаптарын қызмет барысында күн тәртібінде назарға алу;
- «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 29.12.2015 ж. №153 Жарлығымен (бұдан әрі – Жарлық) бекітілген «Әдеп жөніндегі уәкіл туралы» ережесіне сәйкес қызмет тәртібі мен регламенті бойынша жұмыстар атқару және Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің ережелерін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) ескере отырып, сыбайлас жемқорлық сипатындағы және мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында құқық бұзушылықтарды болдырмау тәртібін қатаң сақтау.
Тексеру комиссиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен бағдарламаларын іске асыру мақсатында іс-шаралар жоспарын орындау барысында бірнеше тақырыптар бойынша түсіндірме іс-шаралары тиянақты жүргізіліп тұрады және сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес саясатында Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілімен үнемі консультациялық кеңестер беру аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұруына орай, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілікпен қызметін атқарудың маңыздылығы ескеріліп тұрады.
05.02.2021.
Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Таушов Нариман Бақытұлының төрағалығымен 2021 жылдың 5 ақпан күні «Тәртіптік жазаларды қолдану мерзімдері және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» техникалық оқу болып өтті.
Техникалық оқуды комиссия мүшесі А.Құмаров жүргізіп, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 216, 219, 233 (үшінші бөлігінде), 235, 236, 237, 247 (алтыншы бөлігі) – баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және белгіленген әкімшілік жазаларды қолдануға Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторлары құқылы-екендігі туралы айтып түсіндірді.
Комиссия мүшесі А.Құмаров аталған заңдарды түсіндіре келе, барлық қызметкерлер арасында талқыланды.
Сонымен қатар, Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілдің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкіл А.Құмаров тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілеріне стреске төзімділікті арттыру, депрессияны төмендету бағытында түсіндірді.
Аталған мәселені болдырмау және оның алдын-алу үшін әр мемлекеттік қызметшіге өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес, таза әрі адал, тиімді қызмет атқаруды тапсырды.
01.02.2021.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы»
Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 8- тармақшасында мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттерінің бірі қызметтік әдепті сақтау болып табылады. Мемлекеттiк қызмет – бұл барлық мемлекеттiк басқаруды ұйымдастыруда жетекшi рөлге ие, ең маңызды тетiктердiң бiрi. Мемлекеттiк қызметшiнiң моральдық бет-бейнесi мен этикасына айрықша көңiл бөлiнуiнiң себебi – оның iскерлiгiн ғана емес, айналасындағыларға деген құрметi мен iзетiн де жетiлдiру. Себебi, мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiмi мен бiлiктiлiгiне және жүрiс-тұрысына қарай қазiргi қоғамда халықтың атқарушы билiк жайлы көзқарасы мен оған деген сенiмi қалыптасатыны да белгiлi. Мемлекеттік қызметшілер азаматтармен, ұжымда сөз сөйлеуде сыпайылық пен әдептілікті ұстануы қажет. Өз кезегінде, халықпен өзара қарым-қатынасының негізгі көрсеткіші мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы болады. Сондықтан, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде халықтың сұранысына бағдар ұстану талаптарын қояды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің» 1-тармағы Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Осыған орай, барлық мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыру жүктелді. Жалпы Кодекс мемлекеттік қызметшілердің мәдениетіне ғана емес, сондай – ақ қызметтік міндеттерді орындау мәдениетіне де талаптар қойды. Қазіргі таңда барлық өңірлерде Әдеп жөніндегі кеңестер жұмыс жасайды. Сондай-ақ, заңнамаға сәйкес Әдеп жөніндегі уәкіл институты енгізілді. Әдеп жөніндегі уәкіл қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасын жүзеге асыратын, өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін лауазым иесі.
Еліміздің мемлекеттік қызметшілерінің әдеп стандартын сақтауы сенімді түрде өркендеген, мәдениеті жоғары Мемлекет болуға қол жеткізудің нысаны екендігін аңғартады. Қоғам, мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді.