2020 ЖЫЛҒЫ III-ТОҚСАНҒА ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ

Мақаланың шыққан күні: 10.10.2020

Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының  Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі туралы  2020 жылғы III-тоқсанына есебі

МАЗМҰНЫ

 

І. КІРІСПЕ

 

  1. ЕСЕПТІ КЕЗЕҢДЕГІ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ТИІСТІ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТЫ.

 

III. ЕСЕПТІ КЕЗЕҢДЕГІ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ЖОСПАРДАН ТЫС АТҚАРЫЛҒАН ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТЫ.

 

  1. ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӨНІНДЕГІШАРАЛАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 

  1. ҚОРЫТЫНДЫ

 

ЕСЕПКЕ ҚОСЫМШАЛАР

 

 

 

 

Кіріспе

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының «Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Төрағасының м.а. 2017 жылғы 4 тамыздағы № 156 бұйрығының (Бұдан-әрі Бұйрық) 1-қосымша нысанына сәйкес 2020 жылдың III -тоқсанына есебін жолдайды.

Есепті тексеру комиссияcының әдеп жөніндегі уәкілімен дайындалып ұсынылады.

Тексеру комиссиясының әдеп жөніндегі уәкілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне немесе оның аумақтық бөлімшелеріне ұсынады.

Есепті ұсыну мерзімі тексеру комиссиясының әдеп жөніндегі уәкілі тоқсанда бір рет, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей табыстау қажет.

Есеп нысаны бастапқы есепке алу деректерінің негізінде есепті ұсыну кезіндегі нақты жағдайы бойынша толтырылып, тексеру комиссиясының әдеп жөніндегі уәкілдері дайындап ұсынады.

Ұсынылған есеп деректердің дұрыстылығына дербес лауазымдағы әдеп жөніндегі уәкілдер жауапты болады.

Есепте негізгі көрсеткіштер және Есепті кезеңнің жалпы саны көрсетілді.

Ұсынылған есепті толтыру бұйрықтың 1-қосымша нысанына сай Есеп нысанын толтыру бойынша түсініктемеге сәйкес толтырылды.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде функцияларға сәйкес Есеп дайындалды.

Екінші бөлігінде Есепті кезеңдегі Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы тиісті жылға арналған жұмыс жоспарының орындалысы туралы ақпараты.

Үшінші бөлігінде Есепті кезеңдегі Әдеп жөніндегі уәкілдің жоспардан тыс жұмысытарының орындалуы туралы ақпараты.

Төрітінші бөлігіне Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы ақпараты.

Бесінші қорытынды бөлік тұжырымдармен ұсыныстардан және Есепке қосымшалардан тұрады.

 

 

 

  1. Есепті кезеңдегі Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы 2020 жылдың III – тоқсанына арналған жұмыс жоспарының орындалысы туралы ақпараты.

Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы мүшесі Құмаров Асылан Жұмабиденұлы 2019 жылдың 01 тамызынан бастап № 91 Тексеру комиссиясының төрағысының бұйрығы негізінде «Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі» болып тағайындалды.

Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілдің 2020 жылға арналған 19 тармақтан тұратын жұмыс жоспары бекітіліп оған ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінен келген ұсынысқа сәйкес өзгеріс енгізіліп 22 тармақ болып бекітілді.

–                     Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіліп отыр. Тексеру комиссиясының ғимаратының көрінетін жеріне Әдеп жөніндегі уәкілдің суреті, электрондық поштасы, жұмыс орнының сенім телефоны, әдеп жөніндегі уәкілдің қабылдау кестесі (күн сайын) ілініп, қосымша ақпарат жинақталды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында қабылдау бөлмеге сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау видеоролик және мемлекеттік қызметшілерге және тексеру комиссиясына келген азаматтарған сыбайлас жемқорлық фактілерін болғызбау жөнінде жағдай жасалу мақсатында кіре беріске көрінетін жерге бірнеше суреттер ілініп тұр.

–                     Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында анонимді сауалнама жүргізіліп, толығымен оң қорытынды көрсетті.

–                     Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру бағытында күнделікті бақылау жүргізіліп хаттамалық тапсырмалар беріліп отырады. Оның ішінде тексеру комиссиясының мемлекеттік әкімшілік қызмшілеріне кәсіпкелік қызметпен айналысуға болмайтындығы, сыйлық және өзге де игіліктерді алуға тыйым салу, ресми киім үлгісін сақтау, қызметтен тыс уақытта әдеп нормаларын сақтау бойынша т.б туралы қатаң жете түсіндіріліп, ескертіліп отыр. Мемлекетті қызметшілердің Аккаунттары күнделікті тексеріліп Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне жолданып отырады. Хаттамма жалғанды.

–                     Түсіндерме жұмыстардың нәтижесімен Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілері тарапынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер орын алған жоқ.

–                     Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек екі мәрте көрсетілді. Хаттама жалғанды.

–                     Түсіндерме жұмыстардың нәтижесімен Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілері тарапынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер орын алмауына байланысты Заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыным енгізілген жоқ.

–                     Тексеру комиссиясының басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша күні бүгінге өтініштер келіп түскен жоқ. Түскен жағдайда тиісті шаралар алынады.

–                     2020 жылдың 3-тоқсанында мақала Тексеру комиссиясының Facebook әлеуметтік парақша желісінде бір мақала жарық көрді және аталған жұмыстар жалғасын табады.

– Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша бойынша күні бүгінге өтініштер келіп түскен жоқ. Түскен жағдайда тиісті шаралар алынады.

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесіп мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу дөңгелек үстелдер, семинарлар) түсіндірме жұмыстары елдегі карантин жағдайларға байланысты уақытша тоқтатылып тұр. Бұл жұмыста алға қарай шешімін табады.

– Мемлекеттік қызметішлердің стреске төзімділігін арттыру, депрессияны төмендету бағытында тоқсан сайын шаралар ұйымдастыру бойынша барлық ұжымға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Хаттама жалғанды.

– Тексеру комиссиясының Персаналды басқару жөніндегі бас маманмен бірлесіп тексеру комиссиясының қызметкерлерінің Әдеп кодексін және жұмыс регламентін бақылауды қамтамасыз ету бағынта күнделікті қатаң бақылауға алынып, скут бағдарламасы қызмет атқаруды. Ай сайын ол туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне жолданып отыр.

– Мемлекеттік қызметшілермен мәдени-қоғам өмірге, оның ішінде республикалық, облыстық және аудандық деңгейлердегі спорттық шараларға қатысуын үнемі ұйымдастыру бойынша аптасына бір рет споттықтық жаттығуға бару қарасытырлаған.

– 2019 жылдың 01 тамызында комиссияның барлық мемлекеттік қызметшілерге фотосуреттерімен, ұйымның атауымен, электрондық мекен-жайы мен телефоны көрсетілген бейджиктермен толықтай қамтамасыз етіліп, жұмыс регламентіне сәйкес бейджиктерді тағып жүру ұйымдастырылып, жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге фотосуреттерімен, ұйымның атауымен, электрондық мекен-жайы мен телефоны көрсетілген бейджектермен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, мекемені ұстауға арналған шығыстар есебінен жаңа үлгідегі мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің сәйкестендіру картасымен толық қамтамасыз етілді.

– Жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану, еңбек тәртібін сақтау бойынша алдын алу шаралары күнделікті жүргізіліп, жұмысқа келген тізім жасақтап барлық қызметшілерге қолдары қойылып қатаң бақылау жүргізіліп отыр.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз етіліп ұжымның мемлкеттік қызметшілеріне түсіндірме жұмыстары жие жүргізіліп келеді.

– Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау мақсатында қызметкерлерді  УГ-157/1 тергеу изоляторының жағдайымен таныстыруды қамтамасыз ету 2020 жылдың 4-тоқсанында жоспарланып отыр.

– Мемлекеттік қызметшілермен оқу үшін әдеби кітаптардың тізімін жасақталып және қызметкерлерге ұсынылып отыр.

– Спортшылар немесе өңірдің құрметті азаматтарымен мемлекеттегі және қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша 2020 жылдың                       4-тоқсанында жоспарланған.

– Орталық мемлекеттік органдардан қызметкерлерінің іс-сапарға келуінің барлық фактілері туралы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне ақпаратпен хабарлау және іс-сапарларындағы мінез құлқы туралы жаднамамен таныстыруды ұйымдастыруды қамтамасыз етіліп, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне міндетті түрде хабарланатын болады.

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2020 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес қызметтік қажеттілік бойынша тұрақты орналасу шегінен тыс өзге де шығулар мінез-құлықы туралы жадынамасы таныстырылып, әрдайым нұсқама өткізіліп отыр.

Сонымен қатар, Есепті кезеңдегі Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы 2020 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалысы қатаң бақылауда тұрғандығын және мүмкіндігінше толықтай орындалғандығын хабарлайды.

 

III. Есепті кезеңдегі Әдеп жөніндегі уәкілдің                                     жоспардан тыс жұмыстарының атқарған шаралары туралы ақпараты.

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізілді;

Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырылды;

Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық қосымша көмек көрсетілді;

Мемлекеттік қызметішлердің стреске төзімділігін арттыру, депрессияны төмендету бағытында тоқсан сайын шаралар ұйымдастырылды;

Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік аудит объектілерінде өздерін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларын бекіту туралы № 18-НҚ нормативтік қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 601 бірлескен бұйрығына сәйкес қызмет атқару жөнінде ұсыныс енгізіліп тапсырма берілді;

 

  1. Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар

 

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының (Бұдан әрі – Заң)                9-бабының 18) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде төмендегідей ұсыныстар береді:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Төрағасының м.а. 2017 жылғы 4 тамыздағы № 156 «Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына төмендегідей ұсыныс енгізеді.

Тоқсан сайынғы табыстайтын есепті сапалы, уақытылы және тиімділігін арыттыру мақсатында төмендегідей қосымша сөздермен өзгеріс енгізуді ұсынамын.

  • Ақпараттың құрылымы мен мазмұны бөлігін енгізу;
  • Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің жұмысын сипаттайтын деректерді қамтиды және мынадай бөлімдерден тұрады:
  • І. КІРІСПЕ
  • ЕСЕПТІ КЕЗЕҢДЕГІ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ТИІСТІ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТЫ.
  • ЕСЕПТІ КЕЗЕҢДЕГІ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ЖОСПАРДАН ТЫС АТҚАРЫЛҒАН ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТЫ.
  • ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӨНІНДЕГІШАРАЛАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
  • ҚОРЫТЫНДЫ
  • ЕСЕПКЕ ҚОСЫМШАЛАР

Қажет болған жағдайда, тоқсан сайынғы ақпаратқа қосымша мәліметтерді енгізуге жол беріледі.

  • Ақпараттың құрылымы, мазмұны және көлемі осы бұйрықты ескере отырып, сондай-ақ есепті кезеңде өзекті және маңызды мәселелердің бар-жоғына және қалыптастырылатын ақпараттың ерекшелігіне қарай нақтылануы немесе ұлғайтылуы мүмкін.
  • Ақпарат ұсынудың негізі мен мақсаты, Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің есепті кезеңдегі қызметінің негізгі бағыттары бойынша қысқаша мазмұны көрсетіледі.
  • Есепті кезеңдегі тиісті Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің талдау деген бөлімде мыналар:
  • Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің талдау, соның ішінде:
  • Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Ресрубликасы заңнамаларының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (бұдан әрі – Әдеп кодексі) талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультативті көрсетілген көмекті талдау;
  • Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініштердің келіп түсуі;
  • БАҚ-тағы басылымдарды мониторингтеу барысында қызметшілерге қатысты анықталған материалдардың санын талдау, соның ішінде:

жағымды материалдар;

жағымсыз материалдар;

  • әлеуметтік медиадағы аккаунтарды мониторингтеу барысында анықталған материалдар
  • Қызметтік әдеп нормаларын бұзған мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарастыруға қатысты материалдарды лауазымды тұлғаларға жолданған ұсыныстар, оның ішінде оларға қатысты мынадай шаралар қабылданды:
  • Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары;
  • Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы негізінде мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқаны үшін көтермеленген қызметшілердің саны
  • Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жүргізілетін анонимді сауалнамаға қатысушылардың саны
  • Туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы өзiне белгiлi болған сәтте тiкелей басшысын немесе мемлекеттiк органның басшылығын ол жөнінде жазбаша түрде хабардар еткен қызметкерлердің саны:
  • Азаматтардың өтініші немесе басқа да көздерден ақпарат алу негізінде тікелей басшылардың немесе мемлекеттік орган басшылығының мүдделер қақтығысын болдырмау мен реттеу туралы шара қабылдануы туралы ақпарат қамтылады

Ақпарат мыналардан:

1) титулдық парақтан;

2) мазмұнынан;

3) негізгі мәтіннен тұрады.

  • Қажет болған жағдайда, ақпаратқа қосымша мәліметтер қоса беріледі.
  • Титулдық парақта ақпараттың атауы, сондай-ақ оны дайындауға және ұсынуға жауапты мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.
  • Ақпараттың мәтіндік форматы мынадай талаптарға сәйкес ресімделеді:
  • қаріп – Times New Roman, қажет болған жағдайда Arial қарпі пайдаланылуы мүмкін;
  • қаріптің мөлшері – 14, қажет болған жағдайда 16-қаріп, кестелік материалдарда – 12-қаріп, қажет болған жағдайда 8-ші және 10-қаріп пайдаланылуы мүмкін;
  • жоларалық интервал – 1,5, қажет болған жағдайда 1,0 пайдаланылуы мүмкін;
  • беттің жиектері: сол жағы, жоғарғы және төменгі жағы – 2,5 см., оң жағы – 1,5 см.;
  • абзацтық шегініс – 1,27 см.;
  • сөздер тасымалданбайды;
  • беттерді нөмірлеу – жоғарғы жағының ортасында, бірінші бетте нөмір көрсетілмейді.
  • Ақпарат мемлекеттік тілінде қалыптастырылады.
  • Құпия іс-шаралары туралы ақпарат Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып ұсынылады.
  • Ақпаратқа ілеспе хат мемлекеттік тілінде дайындалады деген сөздермен қосу қажетті туындап отыр.

 

V – Қорытынды

Тұжырымдар:

Бүгінде, мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріліледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзіреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрнеуіне негізделген. Қызметшілердің мінез құлық этикасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жетілдіруде оң құрал болып табылады.

Әдеп жөніндегі бекітілген жылдық жоспарға сәйкес оның орындалуын қатаң бақылауға алып, күнделікті орындалуын қамтамасыз етудің нәтижесінде күні бүгінге Тексеру комиссиясының әкімшілік мемлкеттік қызметшілері тарапынан әдеп, сыбайлас жемқорлық тағы басқа бұзушылық фактілердің орын алмауын айтуға болады.

Ұсыныстар:

Мемлекеттік органдардағы Әдеп жөніндегі уәкілдердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөнінде шаралар қабылдауды;

Әр саладығы уәкілетті органдармен бірлесіп тиісті мемлекеттік органның мемлкеттік қызметкершілеріне жүйелі түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізуді;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы                             № 416-V Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының (Бұдан әрі – Заң) 9-бабының 18) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар беруді;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмау мақсатында:

– қадағалаушы тексеруші анықтаушы мемлкеттік орагандарда                      іс-шараларға іссапарға бару кезінде қолданыстағы заңдылықтарды қатаң ұстану үшін нақты тапсырмалар беру және техникалық нұсқамалық сабақ өткізуді күшейту.

– тексерілетін объектілерінің өкілдерімен тікелей қарым-қатынас байланысты мейлінше азайту шараларын алып, электрондық аудитке көшу оның ішінде сараптамалық талдау іс-шарасын өткізу жұмыстарын жандандыруды ұсынамын.

 

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1494

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
revcomatyrau
45-84-41
Қыркүйек (2021)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930