Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі туралы 2020 жылғы II-тоқсанына есебі
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ
- ЕСЕПТІ КЕЗЕҢДЕГІ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ТИІСТІ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТЫ.
III. ЕСЕПТІ КЕЗЕҢДЕГІ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ЖОСПАРДАН ТЫС АТҚАРЫЛҒАН ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТЫ.
- ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӨНІНДЕГІШАРАЛАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
- ҚОРЫТЫНДЫ
ЕСЕПКЕ ҚОСЫМШАЛАР
Кіріспе
Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының «Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Төрағасының м.а. 2017 жылғы 4 тамыздағы № 156 бұйрығының (Бұдан-әрі Бұйрық) 1-қосымша нысанына сәйкес 2020 жылдың II-тоқсанына есебін жолдайды.
Есепті тексеру комиссияcының әдеп жөніндегі уәкілімен дайындалып ұсынылады.
Тексеру комиссиясының әдеп жөніндегі уәкілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне немесе оның аумақтық бөлімшелеріне ұсынады.
Есепті ұсыну мерзімі тексеру комиссиясының әдеп жөніндегі уәкілі тоқсанда бір рет, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей табыстау қажет.
Есеп нысаны бастапқы есепке алу деректерінің негізінде есепті ұсыну кезіндегі нақты жағдайы бойынша толтырылып, тексеру комиссиясының әдеп жөніндегі уәкілдері дайындап ұсынады.
Ұсынылған есеп деректердің дұрыстылығына дербес лауазымдағы әдеп жөніндегі уәкілдер жауапты болады.
Есепте негізгі көрсеткіштер және Есепті кезеңнің жалпы саны көрсетілді.
Ұсынылған есепті толтыру бұйрықтың 1-қосымша нысанына сай Есеп нысанын толтыру бойынша түсініктемеге сәйкес толтырылды.
Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде функцияларға сәйкес Есеп дайындалды.
Екінші бөлігінде Есепті кезеңдегі Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы тиісті жылға арналған жұмыс жоспарының орындалысы туралы ақпараты.
Үшінші бөлігінде Есепті кезеңдегі Әдеп жөніндегі уәкілдің жоспардан тыс жұсытарының орындалуы туралы ақпараты.
Төрітінші бөлігіне Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы ақпараты.
Бесінші қорытынды бөлік тұжырымдармен ұсыныстардан және Есепке қосымшалардан тұрады.
- Есепті кезеңдегі Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы 2020 жылдың II -тоқсанына арналған жұмыс жоспарының орындалысы туралы ақпараты.
Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы мүшесі Құмаров Асылан Жұмабиденұлы 2019 жылдың 01 тамызынан бастап № 91 Тексеру комиссиясының төрағысының бұйрығы негізінде «Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі» болып тағайындалды.
Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілдің 2020 жылға арналған 19 тармақтан тұратын жұмыс жоспары бекітіліп оған ақпанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінен келген ұсынысқа сәйкес өзгеріс енгізіліп 22 тармақ болып бекітілді.
– Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіліп отыр. Тексеру комиссиясының ғимаратының көрінетін жеріне Әдеп жөніндегі уәкілдің суреті, электрондық поштасы, жұмыс орнының сенім телефоны, әдеп жөніндегі уәкілдің қабылдау кестесі (күн сайын) ілініп, қосымша ақпарат жинақталды Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында қабылдау бөлмеге сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау видеоролик және кіре беріске көрінетін жерге бірнеше суреттер ілінді.
– Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында анонимді сауалнама жүргізіліп, толығымен оң қорытынды көрсетті.
– Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру бағытында күнделікті бақылау жүргізіліп отыр. Оның ішінде тексеру комиссиясының мемлекеттік әкімшілік қызмшілеріне кәсіпкелік қызметпен айналысуға болмайтындығы, сыйлық және өзге де игіліктерді алуға тыйым салу, ресми киім үлгісін сақтау, қызметтен тыс уақытта әдеп нормаларын сақтау бойынша т.б туралы қатаң жете түсіндіріліп, ескертіліп отыр. Мемлекетті қызметшілердің Аккаунттары күнделікті тексеріліп отыр. Хаттамма жалғанды.
– Түсіндерме жұмыстардың нәтижесімен Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілері тарапынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер орын алған жоқ.
– Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетіліп отыр. Хаттама жалғанды.
– Түсіндерме жұмыстардың нәтижесімен Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілері тарапынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер орын алмауына байланысты Заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыным енгізілген жоқ.
– Тексеру комиссиясының басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша күні бүгінге өтініштер келіп түскен жоқ. Түскен жағдайда тиісті шаралар алынады.
– 2020 жылдың 2-тоқсанында мақалалар Тексеру комиссиясының Facebook әлеуметтік парақша желісінде бірнеше мақала жарық көрді.
– Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша бойынша күні бүгінге өтініштер келіп түскен жоқ. Түскен жағдайда тиісті шаралар алынады.
– Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша ҚР МҚІЖА Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесіп мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу дөңгелек үстелдер, семинарлар) түсіндірме жұмыстары елдегі карантин жағдайларға байланысты уақытша тоқтатылды.
– Мемлекеттік қызметішлердің стреске төзімділігін арттыру, депрессияны төмендету бағытында тоқсан сайын шаралар ұйымдастыру бойынша барлық ұжымға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Хаттама жалғанды.
– Тексеру комиссиясының Персаналды басқару жөніндегі бас маманмен бірлесіп тексеру комиссиясының қызметкерлерінің Әдеп кодексін және жұмыс регламентін бақылауды қамтамасыз ету бағынта күнделікті қатаң бақылауға алынып, скут бағдарламасы қызмет атқаруды. Ай сайын, ақпарат Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне жолданып отыр.
– Мемлекеттік қызметшілермен мәдени-қоғам өмірге, оның ішінде республикалық, облыстық және аудандық деңгейлердегі спорттық шараларға қатысуын үнемі ұйымдастыру бойынша аптасына бір рет споттықтық жаттығуға бару қарасытырлаған. Алайда, елдегі карантин жағдайларға байланысты уақытша тоқтатылды.
– 2019 жылдың 01 тамызында комиссияның барлық мемлекеттік қызметшілерге фотосуреттерімен, ұйымның атауымен, электрондық мекен-жайы мен телефоны көрсетілген бейджиктермен толықтай қамтамасыз етіліп, жұмыс регламентіне сәйкес бейджиктерді тағып жүру ұйымдастырылып, жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге фотосуреттерімен, ұйымның атауымен, электрондық мекен-жайы мен телефоны көрсетілген бейджектермен қамтамасыз етілді.
– Жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану, еңбек тәртібін сақтау бойынша алдын алу шараларын жүргізіліп отыр.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз етіліп келеді.
– Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау мақсатында қызметкерлерді УГ-157/1 тергеу изоляторының жағдайымен таныстыруды қамтамасыз ету 2020 жылдың 4-тоқсанында жоспарланып отыр.
– Мемлекеттік қызметшілер үшін еліміздің, өңіріміздің, мұражайларын тарихи-мәдени мұрасының ескерткіштеріне, киелі орындарға экскурсияға баруын қамтамасыз ету бағытында 2020 жылдың 1 тоқсанында тексеру комиссиясының қызметкерлері облыстық мұражайға саяқатқа барып қайтты. Тексеру комиссиясының Facebook әлеуметтік парақша желісінде және atyraurevcom.gov.kz ресми интернет ресурсында әдеп жөніндегі уәкілдің сілтемесіне жарияланды.
– Мемлекеттік қызметшілермен оқу үшін әдеби кітаптардың тізімін жасақталып және қызметкерлерге ұсынылып отыр.
– Спортшылар немесе өңірдің құрметті азаматтарымен мемлекеттегі және қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша 2020 жылдың 4-тоқсанында жоспарланған.
– Персоналды басқару қызметімен бірлесіп ұжымда құрметке ие болған мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тәжірибесімен қорыту арқылы «менің жетістігімнің тарихы» атты жоба дайындау және оны өткізу бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Гүлпан Мұхитқызы Қайрошева 2020 жылдың 1-тоқсанында іс-шара өткізілді. Тексеру комиссиясының Facebook әлеуметтік парақша желісінде және atyraurevcom.gov.kz ресми интернет ресурсында әдеп жөніндегі уәкілдің сілтемесіне жарияланды.
– Орталық мемлекеттік органдардан қызметкерлерінің іс-сапарға келуінің барлық фактілері туралы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне ақпаратпен хабарлау және іс-сапарларындағы мінез құлқы туралы жаднамамен таныстыруды ұйымдастыруды қамтамасыз ету бағытында Сіздің департаментке міндетті түрде хабарланатын болады.
Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2020 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес қызметтік қажеттілік бойынша тұрақты орналасу шегінен тыс өзге де шығулар мінез-құлықы туралы жадынамасы таныстырылып, нұсқама өткізілді.
Сонымен қатар, Есепті кезеңдегі Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы 2020 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалысы қатаң бақылауда тұрғандығын және толықтай орындалғандығын хабарлайды.
III. Есепті кезеңдегі Әдеп жөніндегі уәкілдің жоспардан тыс жұмыстарының атқарған шаралары туралы ақпараты.
Комиссия мүшелері жетекшілік ететін бөлім басшыларымен бірлесіп республикалық немесе облыстық баспасөз беттеріне тоқсанына бір рет мақала дайындау бойынша Атырау газетіне бір мақала жарық көрді;
2020 жылы 10 маусымдағы Сіздің төрағалығыңызбен өткен Атырау облысы бойынша жүріп-тұруы қиын 1 – топ мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын жеке көмекші қызметінің мәселелері бойынша отырысының хаттамасына сәйкес Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңның 13-бабының 4-тармағы, 4-тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Б.Нұрымбетовке ұсыныс хат жолданып, Вице-министр Е. Әукеновтің 2020 жылғы 17 маусымдағы № 01-1-2-09/16849 санды шығыс хатын облыс деңгейінде жұмысқа пайдалану үшін жолданды;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізілді;
Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырылды;
Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетілді;
Мемлекеттік қызметішлердің стреске төзімділігін арттыру, депрессияны төмендету бағытында тоқсан сайын шаралар ұйымдастырылды;
Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілері тарапынан мемлекеттік аудит объектілерінде өздерін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларын бекіту туралы № 18-НҚ нормативтік қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 601 бірлескен бұйрығына сәйкес қызмет атқару жөнінде ұсыныс енгізіліп тапсырма берілді;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен келген хаты бойынша Ораза айт мерекесінің алғашқы күні жексенбі күніне тұспа-тұс келуіне орай, мемлекеттік қызметшілердің облыс көлемінде енгізілген карантин режимін сақтамау фактілерін алдын алу және болдырмау жағдайына баса назар аударылуы бойынша тапсырма беріліп қатаң бақылауға алынды;
Атырау облысы прокуратурасының аймақтағы эпидемиялогиялық жағдайдың қолайсыздығына байланысты мемлекеттік қызметшілердің облыс көлемінде енгізілген карантиндік және шектеу шаралар режимін сақтамау фактілерін алдын алу және болдырмау жағдайына баса назар аудару жөнінде отрыс өткізіліп тапсырмалар берілді;
Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай жариялануына байланысты, сондай-ақ, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен облыс аумағында қосымша шектеулерге байланысты, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі, әдеп жөніндегі уәкілі Кумаров Асылан Жумабиденұлы өзінің Facebook әлеуметтік жеке парақша желісінде мемлекеттік органдардың ашықтығы, қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың 16 сәуірде бейсенбі күні сағат 11-00 де онлайн тікелей эфир режимінде 30 минут көлемінде азаматтардың жеке қабылдауын өткізіліп, онлайн режимінде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік аудит және сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы түсіндірме беріліп толғандырып жүрген сауалдарға жауап берілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұсынысына және Облыстық мәслихаттың келісімімен әдеп жөніндегі уәкілдің қосымша қызметіне 2020 жылдың 01 наурыз айынан бастап қосымша 20 пайыз үстемақы қосылды.
- Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар
Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының (Бұдан әрі – Заң) 9-бабының 18) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде төмендегідей ұсыныстар береді:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Төрағасының м.а. 2017 жылғы 4 тамыздағы № 156 «Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына төмендегідей ұсыныс енгізеді.
Тоқсан сайынғы табыстайтын есепті сапалы, уақытылы және тиімділігін арыттыру мақсатында төмендегідей қосымша сөздермен өзгеріс енгізуді ұсынамын.
- Ақпараттың құрылымы мен мазмұны бөлігін енгізу;
- Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің жұмысын сипаттайтын деректерді қамтиды және мынадай бөлімдерден тұрады:
- І. КІРІСПЕ
- ЕСЕПТІ КЕЗЕҢДЕГІ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ТИІСТІ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТЫ.
- ЕСЕПТІ КЕЗЕҢДЕГІ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ЖОСПАРДАН ТЫС АТҚАРЫЛҒАН ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТЫ.
- ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӨНІНДЕГІШАРАЛАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
- ҚОРЫТЫНДЫ
- ЕСЕПКЕ ҚОСЫМШАЛАР
Қажет болған жағдайда, тоқсан сайынғы ақпаратқа қосымша мәліметтерді енгізуге жол беріледі.
- Ақпараттың құрылымы, мазмұны және көлемі осы бұйрықты ескере отырып, сондай-ақ есепті кезеңде өзекті және маңызды мәселелердің бар-жоғына және қалыптастырылатын ақпараттың ерекшелігіне қарай нақтылануы немесе ұлғайтылуы мүмкін.
- Ақпарат ұсынудың негізі мен мақсаты, Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің есепті кезеңдегі қызметінің негізгі бағыттары бойынша қысқаша мазмұны көрсетіледі.
- Есепті кезеңдегі тиісті Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің талдау деген бөлімде мыналар:
- Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің талдау, соның ішінде:
- Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Ресрубликасы заңнамаларының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (бұдан әрі – Әдеп кодексі) талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультативті көрсетілген көмекті талдау;
- Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініштердің келіп түсуі;
- БАҚ-тағы басылымдарды мониторингтеу барысында қызметшілерге қатысты анықталған материалдардың санын талдау, соның ішінде:
жағымды материалдар;
жағымсыз материалдар;
- әлеуметтік медиадағы аккаунтарды мониторингтеу барысында анықталған материалдар
- Қызметтік әдеп нормаларын бұзған мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарастыруға қатысты материалдарды лауазымды тұлғаларға жолданған ұсыныстар, оның ішінде оларға қатысты мынадай шаралар қабылданды:
- Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары;
- Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы негізінде мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқаны үшін көтермеленген қызметшілердің саны
- Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жүргізілетін анонимді сауалнамаға қатысушылардың саны
- Туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы өзiне белгiлi болған сәтте тiкелей басшысын немесе мемлекеттiк органның басшылығын ол жөнінде жазбаша түрде хабардар еткен қызметкерлердің саны:
- Азаматтардың өтініші немесе басқа да көздерден ақпарат алу негізінде тікелей басшылардың немесе мемлекеттік орган басшылығының мүдделер қақтығысын болдырмау мен реттеу туралы шара қабылдануы туралы ақпарат қамтылады
Ақпарат мыналардан:
1) титулдық парақтан;
2) мазмұнынан;
3) негізгі мәтіннен тұрады.
- Қажет болған жағдайда, ақпаратқа қосымша мәліметтер қоса беріледі.
- Титулдық парақта ақпараттың атауы, сондай-ақ оны дайындауға және ұсынуға жауапты мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.
- Ақпараттың мәтіндік форматы мынадай талаптарға сәйкес ресімделеді:
- қаріп – Times New Roman, қажет болған жағдайда Arial қарпі пайдаланылуы мүмкін;
- қаріптің мөлшері – 14, қажет болған жағдайда 16-қаріп, кестелік материалдарда – 12-қаріп, қажет болған жағдайда 8-ші және 10-қаріп пайдаланылуы мүмкін;
- жоларалық интервал – 1,5, қажет болған жағдайда 1,0 пайдаланылуы мүмкін;
- беттің жиектері: сол жағы, жоғарғы және төменгі жағы – 2,5 см., оң жағы – 1,5 см.;
- абзацтық шегініс – 1,27 см.;
- сөздер тасымалданбайды;
- беттерді нөмірлеу – жоғарғы жағының ортасында, бірінші бетте нөмір көрсетілмейді.
- Ақпарат мемлекеттік тілінде қалыптастырылады.
- Құпия іс-шаралары туралы ақпарат Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып ұсынылады.
- Ақпаратқа ілеспе хат мемлекеттік тілінде дайындалады деген сөздермен қосу қажетті туындап отыр.
V – Қорытынды
Тұжырымдар:
Бүгінде, мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріліледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзіреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрнеуіне негізделген. Қызметшілердің мінез құлық этикасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жетілдіруде оң құрал болып табылады.
Ұсыныстар:
Мемлекеттік органдардағы Әдеп жөніндегі уәкілдердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөнінде шаралар қабылдауды;
Әр саладығы уәкілетті органдармен бірлесіп тиісті мемлекеттік органның мемлкеттік қызметкершілеріне жүйелі түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізуді;
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының (Бұдан әрі – Заң) 9-бабының 18) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар беруді;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмау мақсатында:
– қадағалаушы тексеруші орагандарда іс-шараларға іссапарға бару кезінде қолданыстағы заңдылықтарды қатаң ұстану үшін нақты тапсырмалар беру және техникалық нұсқамалық сабақ өткізуді күшейту.
– тексерілетін объектілерінің өкілдерімен тікелей қарым-қатынас байланысты мейлінше азайту шараларын алып, электрондық тексеріске көшу оның ішінде талдау іс-шарасын өткізу жұмыстарын жандандыруды ұсынамын.