Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2019 жылға арналған аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 18 ақпан – 15 наурыз аралығында «2018 жылғы Атырау облысының бюджетінің атқарылуына, «2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасының» іске асырылуына баға беру, сараптамалық-талдау іс-шарасымен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу» және «2018 жылғы Атырау қаласы және Қызылқоға ауданының бюджетінің атқарылуына, «2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасының» іске асырылуына баға беру мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу» аудиторлық іс-шарасы жүргізілді.
Мемлекеттік аудитпен «Атырау облысы Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы», «Атырау қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Атырау қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемелері қамтылды.
Жүргізілген аудит қорытындысымен 2 рәсімдік бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласы бойынша жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алулар сомасын аудару және жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысының қабылдануы бойынша бұзушылықтарға жол берілген.
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес, тексеру комиссиясының мүшелері, аппараттың жауапты қызметкерлері және аудит объектісі өкілдерінің қатысуымен комиссия отырысы өткізілді. Комиссия отырысында тексеру комиссиясының жауапты мүшесінің баяндамасы тыңдалып, оның қорытындысымен іс-шара бойынша аудиторлық қорытындыны бекіту туралы және аудит объектілеріне тиісті Нұсқамалар жолдау туралы қаулы қабылданды.