Аталған іс-шарамен Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, «Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Атырау облысының Полиция департаменті, Атырау қаласының Полиция басқармасы, Атырау қалалық жер қатынастар бөлімі және 5 аудан бойынша яғни Жылыой, Мақат, Қызылқоға, Исатай, Құрманғазы Кірістер басқармалары, полиция бөлімдері және жер қатынастары бөлімдері аудитпен қамтылды.
Аудиторлық іс-шара нәтижесімен 224 млн 972 мың теңге қаржы және 24 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Соның ішінде:
Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бойынша 32910,7 мың теңге, Жылыой ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 8 738,7 мың теңге, Мақат ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен 344,8 мың теңге, Құрманғазы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен 77,3 мың теңге, Исатай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен 639,3 мың теңге қаржылық бұзушылықтары анықталды.
Сондай-ақ, Атырау қалалық жер қатынастар бөлімімен 152451,5 мың теңге, Құрманғазы ауданы жер қатынастары бөлімімен 8666,3 мың теңге, Мақат ауданы жер қатынастары бөлімімен 8935,0 мың теңге, Жылыой ауданы жер қатынастары бөлімімен 10952,9 мың теңге, Исатай ауданы жер қатынастары бөлімімен 762,3 мың теңге, Қызылқоға аудандық жер қатынастары бөлімімен 117,6 мың теңге, Атырау облысының Полиция департаменті 129,2 мың теңге, Атырау қаласының Полиция басқармасымен 247,2 мың теңге бұзушылықтарына жол берілген.
Кемшіліктердің орын алуына бірден-бір себеп – бұл жауапты тұлғалар тарапынан салалық заңнама талаптарын қолдану деңгейінің төмендігі. Аудит барысында анықталған қаржылық бұзушылықтар – аудит объектісінің басшылығы тарапынан бақылау деңгейінің төмендігін көрсетеді және басқару жүйесіндегі кемшіліктер болып табылады.
Осыған орай, аудит обьектілеріне аудиторлық іс-шара қорытындысымен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді қаперге ала отырып, алдағы уақыттарда болдырмау және қаржылық тәртіптің сақталуын күшейту және анықталған бұзушылықтарға жол берген қызметкерлеріне қатысты тәртіптік шара алу бойынша ұсыныс берілді.
Сонымен қатар, тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін 3 материал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментіне процестік шешім қабылдау үшін жолданды.