Атырауда ҚР Конституция күніне орай «Жастар» Мәдениет сарайында облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен салтанатты шара өтті, онда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Н.Н.Годунованың бұйрығымен, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Р.Б.Бектемір «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен қатар, Тексеру комиссиясының Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің басшысы А.Б.Акиянова Атырау облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.