«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын аралық бағалау, сондай-ақ дағдарысқа қарсы шараларды бағытталған қаражаттың пайдаланылу тиімділігі» мемлекеттік аудит жүргізу іс-шарасы бойынша ақпарат

Мақаланың шыққан күні: 21.10.2020

Аталған бағдарламаның іске-асырылуы бойынша «Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік аудит жүргізілді, нәтижесінде 2018 жылғы-2020 жылғы 30 маусым аралығында бюджеттен бөлінген 9 752 095,8 мың теңге көлемінде бюджет қаражаты қамтылып, аудит нәтижесімен 31 598,8 мың теңге қаржылық бұзушылық, 335 772,8 мың теңге тиімсіз пайдаланылған қаражат және 10 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Аудит нәтижесіне анықталған бұзушылықтарға қысқаша тоқталсақ:

Мемлекеттік аудит жүру барысында 2018 жыл бойынша 468001,2 мың теңгеге субсидиялау құжаттарының жетіспейтіндігі және кейбір кәсіпкерлердің досьелері мүлдем жоқтығы анықталды.

Сонымен қатар, 2020 жылғы инвестициялық салымдар кезінде субсидиялауға ниет білдірген 12 шаруа қожалықтарының шеккен шығындарын  ішінара бақылау өлшемі жүргізіліп, нәтижесімен бойынша жалпы сомасы 3840,0 мың теңгеге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалғаны анықталды.

Бұдан басқа, Бюджет кодексінің нәтижелік, тиімділік принциптері бұзылып, 5 шаруашылық қожалығының кеткен шығындарын субсидиялауға жолдаған өтінімдері мен бизнес жоспарларында көрсетілген мал тұқымдарының түрлері іс жүзінде өзерітіліп жалпы сомасы 39282,8 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалғаны және 1 шаруа қожалығына субсидия мөлшері қате есептеліп, нәтижесінде 98,8 мың теңге субсидия артық төленгені анықталды.

Сондай-ақ, аталған іс-шара шеңберінде Олар «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Атырау облысы бойынша филиалында және  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Атырау филиалында үстеме тексеру жүргізілді. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2019 жыл және 2020 жарты жылдығымен жалпы 456 кәсіпкерге кредит беріліп, 214 жұмыс орны ашылған. Аудит барысында 2019 жылы несие алған жеке кәсіпкерлер бойынша, Салық органдарынан алынған ақпараттарға сәйкес 66 кәсіпкер бойынша кіріс көзі көрсетілмегенінен, несиенің  оң нәтижес бермеген деп бағалауға болады. Бұл 261 650,0 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалуына әкеп соқты деуге негіз берді. Барлығы бағдарлама бойынша бөлінген қаражатты игеру кезінде 292 650,0 мың теңге тиімсіз жұмсалған.

Сонымен қатар, қызметі уақытша тоқтатылған 7 кәсіпкерге, құжаттары зерделенбей кәсібі уақытша тоқталуда тұрса да жалпы сомасы 31 500,0 мың теңге кредит берілгені анықталды.

Қорытындылай келе, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында көзделген мақсаттарға ішінара қол жеткізілген деген баға берілді. Бұны  кәсіпкерлердің  кәсіпті жүргізу қабілеттілігінің төмендігімен және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қоғам арасында жеткілікті деңгейде жарияланбауымен жеке кәсіпкерлер арасында бәсекелестік ортанын жоқтығымен байланыстырылады.

«Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде анықталған рәсімдік бұзушылықтардың жалпы сипаты өтінім қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру, қаржыландыру жоспары, өнімдер тізбесі, жиынтық ақпараттар ресми сайттарда жарияланбаған, яғни азаматтар мен потенциалды өтінім берушілерді жеткілікті деңгейде ақпараттандыру қамтамасыз етілмеген.

Бюджеттен азық-түлік бағасын тұрақтандыруға 776 850,0 мың теңге қаражат бөлінсе де статистикалық ақпаратқа сәйкес кейбір тауарлардың бағаларының өсуі байқалады. Жалпы анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер «Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі тарапынан бюджеттік бағдарлама әкімшісі ретінде қадағалау, бақылау, мониторинг жүргізу деңгейінің жеткіліксіздігі де әсер етіп отыр.

Анықталған бұзушылықтарды және жұмыстағы кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектісіне тексеру комиссиясының аудиторлық қорытындысы мен нұсқамасында ұсыныс пен тапсырма берілді, оның орындау мерзімі 2020 жылдың 13 қарашаға дейін белгіленген.


Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру комиссиясының төрағасы
Фамилия Имя
Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Желтоқсан (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031