Қазақстан Республикасы Президентінің инаугурациялық сөзінде жүктеген 10 міндетіне сәйкес аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу нәтижелері бойынша Баспасөз-релиз

Мақаланың шыққан күні: 12.01.2021

2020 жылдың 29 желтоқсанда Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің инаугурациялық сөзінде жүктеген 10 міндетіне сәйкес аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылу тиімділігіне         жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы қаралды. Мемлекеттік аудитпен 3 аудит объектісі мен үстеме тексеріспен 1 аудит объектісі қамтылды. Мемлекеттік аудитпен барлығы 470 259,6 мың теңгені бұзушылықтары, оның ішінде: мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану – 470 259,6 мың теңге, рәсімдік сипаттағы 7 бірлік бұзушылықтар.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаев өзінің  инаугурациялық сөзінде он негізгі бағыттарды белгілеп, оларды жүзеге асыру керектігін атап өткен болатын. Атап айтқанда, халықтың табысын арттыру және әл-ауқатын жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылдар жасау, соттық-құқықтық реформа, әділетті әлеуметтік саясат, тұрғын үй мәселесін шешу, өңірлерді дамыту, сыртқы саясатты дамыту, сондай-ақ жастарды қолдау. Жүргізілген аудиторлық іс-шарамен Жолдаудың төртінші және бесінші бағыттарының орындалысы қамтылды.

        Жолдаудың «Түрлі санаттағы азаматтардың қолжетімді баспанаға ие болуына мүмкіндіктерін беру» атты 5-ші міндетінің іске асырылуы бойынша «Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі, үстеме тексерумен «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудитпен Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының талаптарының сақталмауы анықталды.

Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша аудитпен қамтылған мекемелерде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

 

Қол қою шешімі
06.01.2021 16:20:53 Қайрошева Г. М.. Қол қойылды


Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тексеру комиссиясының төрағасы
Фамилия Имя
Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1424

Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции
revcomatyrau
45-84-41
Маусым (2023)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930