Кеңестің отырысында Махамбет ауданындағы ауылдық округтерге бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына жүргізілген аудиторлық шараның қорытындысымен берілген ұсыныстар талқыланды.
Ондағы басты мәселе ауылдағы жұмыссыздар санын азайту мақсатында тұрғындарды кәсіпкерліктің негіздеріне оқыту; мектепке дейінгі балаларды толыққанды бала-бақша орындарымен қамтамасыз ету іс-шараларын үйымдастыру; инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ете отырып, жеке тұрғын үй құрылысына жер кезегін бөлуді реттеу; ауданаралық қоғамдық автокөлікпен қамтамасыз ету.
Осы аталған ұсыныстар округ әкімдері тарапынан толық шешімін таппағандықтан, кеңестің отырысына екінші рет енгізіліп отыр.
Отырыс соңында жоғарыда ұсынылған мәселелер талқыланып, Кеңес мүшелері Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудитпен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларына берілген жоғарыдағы ұсыныстарының толықтай орындалмайынша бақылауда болып, кеңес отырысына шығарылып отыратындығы және бұл ауыл әкімдерінің жұмысының тиімділігін көтеру арқылы, сол жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын көтеру үшін жасалып отырғандығы аталып өтті.
Сонымен қатар, аталған Консультативтік кеңестің келесі отырысы Атырау қаласында жалғасын тауып, онда Атырау облысының денсаулық сақтау саласына жүргізілген аудитпен анықталған кемшіліктер талқыланды.
Отырысқа Атырау облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының қызметін үздіксіз қамтамасыз ету үшін «Адис» немесе «Көмек 103» ақпараттық жүйесі мен «Damumed» ақпараттық жүйесінің өңір бойынша өкілдерін оффлайн режимде, ал Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілдерін «ZOOM» платформасы арқылы қатысты.
Кеңес отырысында «Damumed» ақпараттық жүйесінің жасақтаушыларымен тұрғындардың пікір қалдыру тетіктерін жетілдіру мақсатында науқаспен қалдырылған пікірге дәрігердің кері байланыс орнату мүмкіншілігі бар екендігі аталып өтіп, нәтижесінде «Damumed» ақпараттық жүйесі одан әрі жетілдірілетіндігі баяндалып, сонымен қатар, кадрмен қамтамасыз ету, еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін қалыптастыру, құрал-жабдықтар және дәрі-дәрмекті пайдалану және есебін жүргізу электрондық жүйесін енгізу мәселелері талқыланды.
Отырыс соңында жоғарыда ұсынылған мәселелер талқыланып, Кеңес мүшелері Тексеру комиссиясының төрағасына мемлекеттік аудитпен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларына бірнеше ұсыныстар енгізілді.