

Бүгін, Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспарына сәйкес, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының Аппарат басшысы-Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.Дауталиеваның төрағалық етуімен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілі С.Б.Багитжановтың қатысуымен қызметкерлерге Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің жаңашылдықтары туралы түсіндірме жүргізілді. Түсіндірме нәтижесінде қызметкерлермен Департамент өкіліне қойылған сұрақтарға жауап алынып, пікір алмасу орын алды.
Бүгін, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының Аппарат басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ж.Дауталиеваның төрағалық етуімен аппарат қызметкерлеріне мемлекеттік қызметішінің әдеп нормаларын сақтау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының 50 бабының 15 тармағының талабына сәйкес, жоғары тұрған немесе төмен тұрған не қызмет немесе жұмыс бабында олармен өзгеше тәуелдiлікте болатын лауазымды адамдармен ақшалай немесе өзге де мүлiктік сипаттағы құмар ойындарға қатысу мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық болып табылатындығы назарға беріліп және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінен жұмыс регламенті талаптарын орындау туралы хаты баяндалып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бүгін, Әдеп жөніндегі уәкілдің 2022 жылға кешенді іс- шаралар жоспарына сәйкес Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім басшысы және бас маманы қатысуымен “Мемлекеттік қызметшілерге меншік құқығымен тиесілі мүлікті сенімгерлік басқаруға беру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
2022 жылдың 24 мамыр күні Аппарат басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ж.Дауталиевамен мемлекеттік қызметшілермен жеке дара галстуксіз кездесу іс-шарасы ұйымдастырылды.
Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2022 жылдың 22 сәуірдегі №24, 34 шешімдерін орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментінің өкілі Ж.Е.Байшеркешовтың, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілі Д.М.Китенбаеваның қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларды талқылау үшін дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел қорытындысымен пікір алмасып, күн тәртібіндегі талқыланған мәселелер жұмыс барысында басшылықта ұстау қажеттігі назарға алынды.
15 сәуір 2022 жылы Атырау облысы білім беру басқармасының «Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғарғы колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының шақыртуымен Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының Аппарат басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ж.М.Дауталиевамен «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша оқып жатқан студенттерге практикалық дағдыларын арттыру мақсатында қазіргі өндірістегі жаңа инновациялық технологиялар мен процесстер туралы өз тәжірибесімен бөлісе отырып, дәріс оқылды.
15 апреля 2021 года по приглашению коммунального государственного казенного предприятия «Атырауский политехнический высший колледж имени Саламата Мукашева» управления образования Атырауской области руководителем аппарата Ревизионной комиссии по Атырауской области, уполномоченный по Этике Дауталиевой Ж.М. было прочитано лекция студентам по специальностям «Учет и аудит» по опыту работы с новыми инновационными технологиями и процессами на современном производстве с целью повышения практических навыков студентов.
«ATYRAU» газетінің 25 наурыз 2022 жылғы №21 санында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ж.М. Дауталиеваның «Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілінің қызметі туралы 2021 жылғы есебі» атты мақаласы жарияланды.
Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.М.Дауталиеваның жұмыс жоспарына сәйкес, аппарат қызметкерлерінің арасында “Не? Қайда? Қашан?” Интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.
Аталған ойын барысында әр түрлі тақырыпта , соның ішінде “Қара жәшік” ішінде заттар жасыру арқылы да сұрақтар қойылып, жауаптар алынып, үздік топ анықтау мақсатындағы ойынның 1-деңгейі өтті.
Бүгін, қызметкерлердің жұмыстан тыс серігу, психологиялық ойлау қабылеттерін жетілдіру мақсатында, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының Аппарат басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілдің ұйыдастыруымен тимбилдинг* өткізілді.
Тимбилдинг – ағылшын сөзі. Түпнұсқада екі түбірден тұрады «team» – «команда» және «building» – «құру, жасау». Сөзбе-сөз аударғанда «тимбилдинг» команда құру дегенді білдіреді.
Тимбилдинг психологиялық әдістерге негізделген түрлі тренингтерді қамтиды. Осы тренингтерді пайдалана отырып, командалық рух беруге және топ мүшелерін бірге нәтижелі жұмыс істеуге үйретуге болады.
Сегодня, по инициативе руководителя аппарата, уполномоченного по этике ревизионной комиссии по Атырауской области был проведен тимбилдинг*.
Тимбилдинг — это корпоративные праздники, основанные на командных играх и приключениях, психологических (игровых) тренингах, обучающих коллектив совместной активной деятельности для достижения общей цели.
Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілдің 2022 жылғы жұмыс жоспарын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментінің өкілінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Аталған дөңгелек үстелге Аппарат басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ж. Дауталиевамен Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының комиссия мүшелері мен мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі
(Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) талаптары бойынша баяндама жасалды.
Дөңгелек үстел барысында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілерімен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментінің өкіліне сұрақтар қойылып, пікір алмасты.
05.03.2021. Бүгін, Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2020 жылғы әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы және 2021 жылға арналған жоспары Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі, әдеп жөніндегі уәкіл А.Ж.Құмаровтың баяндамасы тыңдалды. А.Ж.Құмаров:«Мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзіреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрнеуіне негізделген. Қызметшілердің мінез құлық этикасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жетілдіруде оң құрал болып табылады. 2019 жылдың 01 тамызынан бастап № 91 Тексеру комиссиясының төрағысының бұйрығы негізінде «Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі» болып тағайындалдым. Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілдің 2020 жылға арналған 19 тармақтан тұратын жұмыс жоспары бекітіліп, оған ақпан айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінен келген ұсынысқа сәйкес өзгеріс енгізіліп 22 тармақ болып қосымша бекітіліп осы жоспарға сәйкес жұмыс атқарылуда. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіліп келеді. Тексеру комиссиясының ғимаратының көрінетін жеріне Әдеп жөніндегі уәкілдің суреті, электрондық поштасы, жұмыс орнының сенім телефоны, әдеп жөніндегі уәкілдің қабылдау кестесі (күн сайын) ілініп, қосымша ақпарат жинақталды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында қабылдау бөлмесінде сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау видеоролик және мемлекеттік қызметшілерге және тексеру комиссиясына келген азаматтарған сыбайлас жемқорлық фактілерін болғызбау жөнінде жағдай жасалу мақсатында кіре беріске көрінетін жерге бірнеше суреттер ілініп тұр. Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында 5 мәрте анонимді сауалнама жүргізіліп, толығымен оң қорытынды көрсетті. Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру бағытында күнделікті бақылау жүргізіліп хаттамалық тапсырмалар беріліп отырады. Оның ішінде тексеру комиссиясының мемлекеттік әкімшілік қызмшілеріне кәсіпкелік қызметпен айналысуға болмайтындығы, сыйлық және өзге де игіліктерді алуға тыйым салу, ресми киім үлгісін сақтау, қызметтен тыс уақытта әдеп нормаларын сақтау бойынша т.б туралы қатаң жете түсіндіріліп, ескертіліп отыр. Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша 4 мәрте консультациялық көмек көрсетілді. Және мемлекеттік қызметішлердің стреске төзімділігін арттыру, депрессияны төмендету бағытында тоқсан сайын шаралар ұйымдастыру бойынша барлық ұжымға түсіндірме жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мемлекеттік қызметшілердің жеке басының Аккаунттары (фейзбук, инстаграм парақшалары күнделікті тексеріліп және қатаң бақылауға алынып, ол туралы толық мәлімет ай сайын Сіздің департаментке жолданып отырады. Ашықтық қағидаттарын қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыстар өз деңгейінде жүргізіліп отыр. Өткен жылы бірнеше телеарналарда түрлі тақырыпта сұқпаттар берілді. Агенттіктің тапсырмасына сәйкес 2020 жылы 12 мақала және 2021 жылдың 2 мақала мемлекеттік қызмет, әдеп, жемқорлық сынды түрлі тақырыптарда Тексеру комиссиясының Facebook әлеуметтік парақша желісінде жалпы 14 мақала жарық көрді және аталған жұмыстар жыл сайын жалғасын табатын болады. Сондай-ақ, комиссия төрағасының республикалық және облыстық баспасөз беттеріне негізгі қызмет сыбайлас жемқорлық тақырыбында бірнеше мақаласы жарияланды. Персаналды басқару жөніндегі бас инспектормен бірлесіп тексеру комиссиясының қызметкерлерінің Әдеп кодексін және жұмыс регламентін бақылауды қамтамасыз ету бағытында күнделікті қатаң бақылауға алынып, скуд бағдарламасы қызмет атқаруда. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында жұмыс барысымен шығуы келуіне арнайы журнал жүргізіліп отыр. Ай сайын ол туралы ақпарат Агенттігтің Атырау облысы бойынша департаментіне жолданып отырады. Мемлекеттік қызметшілер үшін еліміздің, өңіріміздің, мұражайларын тарихи-мәдени мұрасының ескерткіштеріне, киелі орындарға экскурсияға баруын қамтамасыз ету бағытында 2020 жылдың 1 тоқсанында тексеру комиссиясының қызметкерлері облыстық мұражайға саяқатқа барып қайтты. Осы жылы да мемлекеттік қызмет алеясына бару жоспарлануда. 2019 жылдың 01 тамызынын бастап комиссияның барлық мемлекеттік қызметшілерге фотосуреттерімен, ұйымның атауымен, электрондық мекен-жайы мен телефоны көрсетілген бейджиктермен толықтай қамтамасыз етіліп, жұмыс регламентіне сәйкес бейджиктерді тағып жүру ұйымдастырылып, жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге фотосуреттерімен, ұйымның атауымен, электрондық мекен-жайы мен телефоны көрсетілген бейджектермен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, мекемені ұстауға арналған шығыстар есебінен жаңа үлгідегі мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің сәйкестендіру картасымен толық қамтамасыз етілді. Мемлекеттік қызметшілермен оқу үшін әдеби кітаптардың тізімін жасақталып және қызметкерлерге ұсынылып отыр. Спортшылар немесе өңірдің құрметті азаматтарымен мемлекеттегі және қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша 2020 жылдың 4-тоқсанында салық жүйесінде көп жыл еңбек етіп зейнеткерлікке шыққан азаматпен және спортшы әлемнің бірнеше дүркін жүлдегерімен кездесу кеші өткізілді. Ұжымда құрметке ие болған мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тәжірибесімен қорыту арқылы «менің жетістігімнің тарихы» атты жоба дайындау және оны өткізу бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Гүлпан Мұхитқызы Қайрошева 2020 жылдың 1-тоқсанында іс-шара өткізілді. Орталық мемлекеттік органдардан қызметкерлерінің іс-сапарға келуінің барлық фактілері туралы Агенттігтің Атырау облысы бойынша департаментіне ақпаратпен хабарлау және іс-сапарларындағы мінез құлқы туралы жаднамамен таныстыруды ұйымдастыруды қамтамасыз етіліп, Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне міндетті түрде хабарланатын болады. Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай жариялануына байланысты, сондай-ақ, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен облыс аумағында қосымша шектеулерге байланысты, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі, әдеп жөніндегі уәкілмен Facebook әлеуметтік жеке парақша желісінде мемлекеттік органдардың ашықтығы, қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың 4 рет бейсенбі күні сағат 11-00 де онлайн тікелей эфир режимінде 30 минут көлемінде азаматтардың жеке қабылдауын өткізіліп, онлайн режимінде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік аудит және сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы түсіндірме беріліп толғандырып жүрген сауалдарға жауап берілді. Әдеп жөніндегі уәкілмен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне студенттеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау тақырыбы бойынша сабақ беріп, студенттермен сұрақ-жауап алмасты. Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу, жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, Наурыз мерекесіне және қаржы күніне сондай-ақ тәуелсіздік мерекелеріне орай тексеру комиссиясының бірнеше қызметкерлері облыс әкімінің, «Nur Otan» партиясы» төрағасының бірінші орынбасарының алғыс хатымен, Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызмткерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының басшысының құрмет грамматасымен, Атырау қалалық мәслихат хатшысының алғыс хатымен, Тексеру комиссиясының төрағасының алғыс хаттарымен және Есеп комитетінің наградаларымен марапатталды. Сыбайлас жемқорлықты болғызбау және алдын алу бағытында 2019 жылға тапсырылатын салық есептілігін (декларациясын) уақытылы, сапалы тапсыруды ұйымдастырылып толық ұжым декларация тапсырды. Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік аудит объектілерінде өздерін Есеп комитетінің Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларын бекіту туралы нормативтік қаулысына сәйкес қызмет атқару жөнінде ұсыныс енгізіліп тапсырма берілді; Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және әдеп нормаларын сақталуын алдын алу мақсатында аудит объектісіне шығарға дейін бір жұмыс күн бұрын, жауапты мүше, топ жектекшісі, аудиторлармен және әдеп жөніндегі уәкілдің қатысыуларымен 2020 жылы 13 рет 2021 жылы 2 рет нұсқама өткізілді. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес тұрақты орналасу шегінен тыс өзге де шығулар мінез-құлықы туралы жадынамасы таныстырылып, әрдайым нұсқама міндетті түрде өткізіліп отырады. Сондай-ақ, тексеру комиссиясының қызметшілеріне сыбайлас жемқорлықты болдырмау оның алдын алу мақсатында республика көлемінде мемлекеттік аудит саласының қызметкерлері тарапынан пара алу үстінде түсірілген, әшкерленген және оларға алынған жауапкершіліктермен қолданылған жазалар туралы бейнеролик көрсетіліп отырады. Тексеру комиссиясы қызметкерлерін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Қылмыстық атқару жүйесінің тыныс тіршілігімен таныстырып отырамыз. Мемлекеттік қызметтен өз еркімен босатылған мемлекеттік қызметшілерден шығу сұхбатының алынуын бақылауда ұстау, шығу себептерін зерделеу жұмыстарыда назардан тыс қалмайды. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеу жүйесі туралы түсіндірме жұмыстары 2021 жылдың екінші жарты жылдығында жоспарланып отыр.Мемлекеттік қызметшілердің телефон әдебінің» талаптарын сақтау бойынша жасырын қоңырау шалу арқылы талдау жүргізіліп отырады және Сіздің департаменттен келген нұсқаулық барлық қызмешіге таратылды. Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы бойынша заңнама талаптарын сақтай отырып жер учаскесін бөлінуіне және денсаулық жағдайын жақсарту мақсатында жылдық бақылаудан өтулерін қадағалауға жатқызылған мемлекеттік қызметкшілердің тізімін жасақтау) және еңбек жағдайының жақсарту бағытында ұсыныстар енгізіліп тізбесі жасақталды. Сіздің департаментке және комиссия төрағасына тоқсан сайын әдеп жөнінде атқарылған жұмыстар туралы ақпарат пен нысапн уақытылы табысталып отыр. Осы түсіндерме жұмыстардың және атқарылған жұмыстардың нәтижесімен Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілері тарапынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер орын алған жоқ және жеке және заңды тұлғалардан күні бүгінге ондай өтініштер келіп түскен жоқ. Бұл жұмыстарды да әлі жандандырып алға қарай жалғастырамыз» деп сөзін аяқтады. Жиын соңында Тексеру комиссиясының төрағасы Н.Б.Таушов әдеп жөніндегі уәкіл қызметіне оң баға беріп, ары қарай жұмыстың жетілдіруіне сәттілік тіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы – http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000410 Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі – http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1500000153 Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидалары – http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500012575
03.08.2019. Ағымдағы жылдың 3 тамыз күні Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының барлық қызметкерлері#birge#TazaQazaqstan республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке белсене қатысып, Тасқала ауылындағы өзен жағасындағы қоқыс қалдықтарды тазалады.

16.08.2019. Бүгін сағат 15:00-де Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшелері, аппарат басшысы және қызметкерлері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Курумбаева Динара Сағидоллақызы, Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы басшысының м.а. Жардемов Қаhарман Сейілханович, Атырау облысы Мемлекеттік сатыпалу басқармасының басшысы Жубаналиева Айгерім Шариповна, Атырау облысы бойынша ішкі аудит департаментінің №2 сәйкестік аудит бөлімінің басшысы Сапарова Зоя Гусмановна, Атырау облысы әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметінің басшысы Бакенова Кұралай Есетқызы және бұқаралық ақпарат құралының өкілінің қатысуымен «Әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметшілерге қаржы және рәсімдік сипаттағы заң бұзушылықтарды болдырмау, алдын-алу бағытында бірлескен талқылама түсіндірме жұмыстары туралы» отырыс өткізілді. Сонымен қатар, Атырау облыстық денсаулық сақтаубасқармасы, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы, Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы, Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Атырау облысы білім беру басқармасы, Атырау облысы денешынықтыру және спорт басқармасы, Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы, Атырау облысы Мәдениет, архивтержәне құжаттама басқармасы, Қалалық білім бөлімі, Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Қалалық денешынықтыру және спорт бөлімі, Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеубөлімі, Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлаубөлімі, Қалалық ішкі саясат бөлімі, Қалалық қаржы бөлімідерінің басшылары, орынбасарлары және бас есепшілері қатысты. Күн тәртібіндегі қаралған мәселе бойынша Атырау облысы бойыншаТексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы – Құмаров Асылан Жұмабиденұлы отырысты ашып, кіріспе сөзін сөйледі. Жиынның негізгі мақсаты қаржы мәселесі мен заңбұзушылықтарды болғызбау, оның алдын алу шараларын ұйымдастыру және аудит объектілерінің құқықтарын түсіндіру болып табылады. Одан кейін, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман-заңгері Әділет Жандосұлының «Әлеуметтік салалардағы 2018 және 2019 жылдың 1-жартыжылдығына анықталған бұзушылықтардың қысқаша ақпараты» баяндамасы және №1 мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы Жұлдыз Исатайқызының баяндамасы «Предупреждение коррупционных проявлении в сфере образования социальной сферы» баяндамасы тыңдалды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметістері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Динара Сағидоллақызы өзкезегінде департаментінің атқарылып жатырған қызметтерімен бөлісті. Сондай-ақ, қаржылық заңбұзушылықтар бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері департаменттің әдеп жөніндегі кеңесте қаралатынын жеткізді. Қазіргі таңда, департамент жазалаушы орган ретінде емес, бұзушылықтың профилактикалық алдын алуды ұйымдастырушы ретінде қабылдау қажеттігін айтты. Сондай-ақ, департамент тарапынан бірлесіп жұмыс атқаруды ұсынды. Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы басшысының м.а. Қаhарман Сейілханович өз кезегінде департаментінің атқарылып жатырған қызметтерімен және негізгі міндеттерімен таныстырды. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекске өзгеріс енгізілгенін, бұзушылықтардың кейбір сараланған түрлерін уәкілетті органдарға жолдайтындығын және әлеуметтік сақтандыруға қатысты бұзушылықтардың кездесіп, оның арты бюджеттік шығындарға әкелуіне соқтыратынын айтты. Сондықтан есепшілер тарапынан есептерін дұрысжүргізуін, сыбайлас жемқорлыққа жолбермеуін, департаментпен бірлесіп жұмыс атқаруларын ұсынды. Атырау облысы бойынша ішкі аудит департаментінің №2 сәйкестік аудит бөлімінің басшысы Зоя Гусмановна өзкезегінде департаментінің атқарылып жатырған қызметтерімен бөлісіп, әрдайым департамент тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырғанын атады. Жиын барысында облыстық, қалалық және уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан бірнеше мәселелер талқыланып, сұрақтар қойылып, нақты жауап таралынды. Жиын соңында Асылан Жұмабиденұлы қорытынды сөзін сөйлеп, аталған мәселер бойынша әріптестерін бірлесіп қызмет атқаруға шақырды. Жиналған қатысушыларға өз алғысын білдіріп, жиналысты жабық деп жариялады.
18.09.2019. Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде, жұмыс мезгілінен тыс уақытта Атырау облысы төңірегінің әсем табиғатымен, рухани байлығымен танысу, оның қадір қасиетін түсіну және күнделікті жұмыстан бөлек, серігу мақсатында далалық жерге саяхатқа шықты.