Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы

05.03.2021.

Бүгін, Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2020 жылғы әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы және 2021 жылға арналған жоспары Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі, әдеп жөніндегі уәкіл А.Ж.Құмаровтың баяндамасы тыңдалды.

А.Ж.Құмаров:«Мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзіреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрнеуіне негізделген. Қызметшілердің мінез құлық этикасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жетілдіруде оң құрал болып табылады.

2019 жылдың 01 тамызынан бастап № 91 Тексеру комиссиясының төрағысының бұйрығы негізінде «Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі» болып тағайындалдым.

Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілдің 2020 жылға арналған 19 тармақтан тұратын жұмыс жоспары бекітіліп, оған ақпан айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінен келген ұсынысқа сәйкес өзгеріс енгізіліп 22 тармақ болып қосымша бекітіліп осы жоспарға сәйкес жұмыс атқарылуда.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіліп келеді. Тексеру комиссиясының ғимаратының көрінетін жеріне Әдеп жөніндегі уәкілдің суреті, электрондық поштасы, жұмыс орнының сенім телефоны, әдеп жөніндегі уәкілдің қабылдау кестесі (күн сайын) ілініп, қосымша ақпарат жинақталды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында қабылдау бөлмесінде сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау видеоролик және мемлекеттік қызметшілерге және тексеру комиссиясына келген азаматтарған сыбайлас жемқорлық фактілерін болғызбау жөнінде жағдай жасалу мақсатында кіре беріске көрінетін жерге бірнеше суреттер ілініп тұр.

Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында 5 мәрте анонимді сауалнама жүргізіліп, толығымен оң қорытынды көрсетті.

Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру бағытында күнделікті бақылау жүргізіліп хаттамалық тапсырмалар беріліп отырады. Оның ішінде тексеру комиссиясының мемлекеттік әкімшілік қызмшілеріне кәсіпкелік қызметпен айналысуға болмайтындығы, сыйлық және өзге де игіліктерді алуға тыйым салу, ресми киім үлгісін сақтау, қызметтен тыс уақытта әдеп нормаларын сақтау бойынша т.б туралы қатаң жете түсіндіріліп, ескертіліп отыр.

Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша 4 мәрте консультациялық көмек көрсетілді. Және мемлекеттік қызметішлердің стреске төзімділігін арттыру, депрессияны төмендету бағытында тоқсан сайын шаралар ұйымдастыру бойынша барлық ұжымға түсіндірме жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Мемлекеттік қызметшілердің жеке басының Аккаунттары (фейзбук, инстаграм парақшалары күнделікті тексеріліп және қатаң бақылауға алынып, ол туралы толық мәлімет ай сайын Сіздің департаментке жолданып отырады.

Ашықтық қағидаттарын қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыстар өз деңгейінде жүргізіліп отыр. Өткен жылы бірнеше телеарналарда түрлі тақырыпта сұқпаттар берілді.

Агенттіктің тапсырмасына сәйкес 2020 жылы 12 мақала және 2021 жылдың 2 мақала мемлекеттік қызмет, әдеп, жемқорлық сынды түрлі тақырыптарда Тексеру комиссиясының Facebook әлеуметтік парақша желісінде жалпы 14 мақала жарық көрді және аталған жұмыстар жыл сайын жалғасын табатын болады. Сондай-ақ, комиссия төрағасының республикалық және облыстық баспасөз беттеріне негізгі қызмет сыбайлас жемқорлық тақырыбында бірнеше мақаласы жарияланды.

Персаналды басқару жөніндегі бас инспектормен бірлесіп тексеру комиссиясының қызметкерлерінің Әдеп кодексін және жұмыс регламентін бақылауды қамтамасыз ету бағытында күнделікті қатаң бақылауға алынып, скуд бағдарламасы қызмет атқаруда. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында жұмыс барысымен шығуы келуіне арнайы журнал жүргізіліп отыр. Ай сайын ол туралы ақпарат Агенттігтің Атырау облысы бойынша департаментіне жолданып отырады.

Мемлекеттік қызметшілер үшін еліміздің, өңіріміздің, мұражайларын тарихи-мәдени мұрасының ескерткіштеріне, киелі орындарға экскурсияға баруын қамтамасыз ету бағытында 2020 жылдың 1 тоқсанында тексеру комиссиясының қызметкерлері облыстық мұражайға саяқатқа барып қайтты. Осы жылы да мемлекеттік қызмет алеясына бару жоспарлануда.

2019 жылдың 01 тамызынын бастап комиссияның барлық мемлекеттік қызметшілерге фотосуреттерімен, ұйымның атауымен, электрондық мекен-жайы мен телефоны көрсетілген бейджиктермен толықтай қамтамасыз етіліп, жұмыс регламентіне сәйкес бейджиктерді тағып жүру ұйымдастырылып, жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге фотосуреттерімен, ұйымның атауымен, электрондық мекен-жайы мен телефоны көрсетілген бейджектермен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, мекемені ұстауға арналған шығыстар есебінен жаңа үлгідегі мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің сәйкестендіру картасымен толық қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік қызметшілермен оқу үшін әдеби кітаптардың тізімін жасақталып және қызметкерлерге ұсынылып отыр.

Спортшылар немесе өңірдің құрметті азаматтарымен мемлекеттегі және қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша 2020 жылдың 4-тоқсанында салық жүйесінде көп жыл еңбек етіп зейнеткерлікке шыққан азаматпен және спортшы әлемнің бірнеше дүркін жүлдегерімен кездесу кеші өткізілді.

Ұжымда құрметке ие болған мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тәжірибесімен қорыту арқылы «менің жетістігімнің тарихы» атты жоба дайындау және оны өткізу бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Гүлпан Мұхитқызы Қайрошева 2020 жылдың 1-тоқсанында іс-шара өткізілді.

Орталық мемлекеттік органдардан қызметкерлерінің іс-сапарға келуінің барлық фактілері туралы Агенттігтің Атырау облысы бойынша департаментіне ақпаратпен хабарлау және іс-сапарларындағы мінез құлқы туралы жаднамамен таныстыруды ұйымдастыруды қамтамасыз етіліп, Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне міндетті түрде хабарланатын болады.

Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай жариялануына байланысты, сондай-ақ, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен облыс аумағында қосымша шектеулерге байланысты, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі, әдеп жөніндегі уәкілмен Facebook әлеуметтік жеке парақша желісінде мемлекеттік органдардың ашықтығы, қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың 4 рет бейсенбі күні сағат 11-00 де онлайн тікелей эфир режимінде 30 минут көлемінде азаматтардың жеке қабылдауын өткізіліп, онлайн режимінде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік аудит және сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы түсіндірме беріліп толғандырып жүрген сауалдарға жауап берілді.

Әдеп жөніндегі уәкілмен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне студенттеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау тақырыбы бойынша сабақ беріп, студенттермен сұрақ-жауап алмасты.

Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу, жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, Наурыз мерекесіне және қаржы күніне сондай-ақ тәуелсіздік мерекелеріне орай тексеру комиссиясының бірнеше қызметкерлері облыс әкімінің, «Nur Otan» партиясы» төрағасының бірінші орынбасарының алғыс хатымен, Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызмткерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының басшысының құрмет грамматасымен, Атырау қалалық мәслихат хатшысының алғыс хатымен, Тексеру комиссиясының төрағасының алғыс хаттарымен және Есеп комитетінің наградаларымен марапатталды.

Сыбайлас жемқорлықты болғызбау және алдын алу бағытында 2019 жылға тапсырылатын салық есептілігін (декларациясын) уақытылы, сапалы тапсыруды ұйымдастырылып толық ұжым декларация тапсырды.

Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік аудит объектілерінде өздерін Есеп комитетінің Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларын бекіту туралы нормативтік қаулысына сәйкес қызмет атқару жөнінде ұсыныс енгізіліп тапсырма берілді;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және әдеп нормаларын сақталуын алдын алу мақсатында аудит объектісіне шығарға дейін бір жұмыс күн бұрын, жауапты мүше, топ жектекшісі, аудиторлармен және әдеп жөніндегі уәкілдің қатысыуларымен 2020 жылы 13 рет 2021 жылы 2 рет нұсқама өткізілді. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес тұрақты орналасу шегінен тыс өзге де шығулар мінез-құлықы туралы жадынамасы таныстырылып, әрдайым нұсқама міндетті түрде өткізіліп отырады.

Сондай-ақ, тексеру комиссиясының қызметшілеріне сыбайлас жемқорлықты болдырмау оның алдын алу мақсатында республика көлемінде мемлекеттік аудит саласының қызметкерлері тарапынан пара алу үстінде түсірілген, әшкерленген және оларға алынған жауапкершіліктермен қолданылған жазалар туралы бейнеролик көрсетіліп отырады. Тексеру комиссиясы қызметкерлерін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Қылмыстық атқару жүйесінің тыныс тіршілігімен таныстырып отырамыз.

Мемлекеттік қызметтен өз еркімен босатылған мемлекеттік қызметшілерден шығу сұхбатының алынуын бақылауда ұстау, шығу себептерін зерделеу жұмыстарыда назардан тыс қалмайды.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеу жүйесі туралы түсіндірме жұмыстары 2021 жылдың екінші жарты жылдығында жоспарланып отыр.Мемлекеттік қызметшілердің телефон әдебінің» талаптарын сақтау бойынша жасырын қоңырау шалу арқылы талдау жүргізіліп отырады және Сіздің департаменттен келген нұсқаулық барлық қызмешіге таратылды.

Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы бойынша заңнама талаптарын сақтай отырып жер учаскесін бөлінуіне және денсаулық жағдайын жақсарту мақсатында жылдық бақылаудан өтулерін қадағалауға жатқызылған мемлекеттік қызметкшілердің тізімін жасақтау) және еңбек жағдайының жақсарту бағытында ұсыныстар енгізіліп тізбесі жасақталды.

Сіздің департаментке және комиссия төрағасына тоқсан сайын әдеп жөнінде атқарылған жұмыстар туралы ақпарат пен нысапн уақытылы табысталып отыр.

Осы түсіндерме жұмыстардың және атқарылған жұмыстардың нәтижесімен Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілері тарапынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер орын алған жоқ және жеке және заңды тұлғалардан күні бүгінге ондай өтініштер келіп түскен жоқ. Бұл жұмыстарды да әлі жандандырып алға қарай жалғастырамыз» деп сөзін аяқтады.

Жиын соңында Тексеру комиссиясының төрағасы Н.Б.Таушов әдеп жөніндегі уәкіл қызметіне оң баға беріп, ары қарай жұмыстың жетілдіруіне сәттілік тіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы – http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000410

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі – http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1500000153

Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидалары – http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500012575

 


 

03.08.2019. Ағымдағы жылдың 3 тамыз күні Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының барлық қызметкерлері#birge#TazaQazaqstan республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке белсене қатысып, Тасқала ауылындағы өзен жағасындағы қоқыс қалдықтарды тазалады.

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы09.09.2019. 9 қыркүйек күні Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкіл А.Құмаров тексеру комиссиясының қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын өткізіді. Отырыста 2 мәселеқаралды. Атап айтсақ: Бірінші мәселе, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 жеелтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау;

Екіншімәселе, мемлекеттік органның басшы құрамындағы қызметкерлер тарапынан өзқарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде қызметшілердің ар-намысы мен қадір қасиетін кемсітушіліктің және қолсұғушылықтың кезкелген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған шаралар қабылдау жөнінде.

Асылан Жұмабиденұлы өз кезегінде барлық мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жолбермеуге, қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қолсұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жолбермеуге тиіс екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқы мен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орындысынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға, жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге шақырды. Отырыс соңында әдепжөніндегі уәкіл Құмаров Асылан Жұмабиденұлы басышылық құрамындағы қызметкерлер тарапынан өз қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде қызметшілердің ар-намысы мен қадірқасиетінкемсітушіліктің және қолсұғушылықтың кезкелген нысандарын болдырмауды тапсырды. Сондай-ақ аталған мәселер бойынша әріптестерін бірлесіп қызмет атқаруға шақырды.


16.08.2019.

Бүгін сағат 15:00-де Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшелері, аппарат басшысы және қызметкерлері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Курумбаева Динара Сағидоллақызы, Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы басшысының м.а. Жардемов Қаhарман Сейілханович, Атырау облысы Мемлекеттік сатыпалу басқармасының басшысы Жубаналиева Айгерім Шариповна, Атырау облысы бойынша ішкі аудит департаментінің №2 сәйкестік аудит бөлімінің басшысы Сапарова Зоя Гусмановна, Атырау облысы әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметінің басшысы Бакенова Кұралай Есетқызы және бұқаралық ақпарат құралының өкілінің қатысуымен «Әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметшілерге қаржы және рәсімдік сипаттағы заң бұзушылықтарды болдырмау, алдын-алу бағытында бірлескен талқылама түсіндірме жұмыстары туралы» отырыс өткізілді.
Сонымен қатар, Атырау облыстық денсаулық сақтаубасқармасы, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы, Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы, Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Атырау облысы білім беру басқармасы, Атырау облысы денешынықтыру және спорт басқармасы, Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы, Атырау облысы Мәдениет, архивтержәне құжаттама басқармасы, Қалалық білім бөлімі, Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Қалалық денешынықтыру және спорт бөлімі, Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеубөлімі, Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлаубөлімі, Қалалық ішкі саясат бөлімі, Қалалық қаржы бөлімідерінің басшылары, орынбасарлары және бас есепшілері қатысты.  Күн тәртібіндегі қаралған мәселе бойынша Атырау облысы бойыншаТексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы – Құмаров Асылан Жұмабиденұлы отырысты ашып, кіріспе сөзін сөйледі. Жиынның негізгі мақсаты қаржы мәселесі мен заңбұзушылықтарды болғызбау, оның алдын алу шараларын ұйымдастыру және аудит объектілерінің құқықтарын түсіндіру болып табылады.
Одан кейін, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман-заңгері Әділет Жандосұлының «Әлеуметтік салалардағы 2018 және 2019 жылдың 1-жартыжылдығына анықталған бұзушылықтардың қысқаша ақпараты» баяндамасы және №1 мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы Жұлдыз Исатайқызының баяндамасы «Предупреждение коррупционных проявлении в сфере образования социальной сферы» баяндамасы тыңдалды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметістері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Динара Сағидоллақызы өзкезегінде департаментінің атқарылып жатырған қызметтерімен бөлісті. Сондай-ақ, қаржылық заңбұзушылықтар бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері департаменттің әдеп жөніндегі кеңесте қаралатынын жеткізді. Қазіргі таңда, департамент жазалаушы орган ретінде емес, бұзушылықтың профилактикалық алдын алуды ұйымдастырушы ретінде қабылдау қажеттігін айтты. Сондай-ақ, департамент тарапынан бірлесіп жұмыс атқаруды ұсынды.
Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы басшысының м.а. Қаhарман Сейілханович өз кезегінде департаментінің атқарылып жатырған қызметтерімен және негізгі міндеттерімен таныстырды. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекске өзгеріс енгізілгенін, бұзушылықтардың кейбір сараланған түрлерін уәкілетті органдарға жолдайтындығын және әлеуметтік сақтандыруға қатысты бұзушылықтардың кездесіп, оның арты бюджеттік шығындарға әкелуіне соқтыратынын айтты. Сондықтан есепшілер тарапынан есептерін дұрысжүргізуін, сыбайлас жемқорлыққа жолбермеуін, департаментпен бірлесіп жұмыс атқаруларын ұсынды.
Атырау облысы бойынша ішкі аудит департаментінің №2 сәйкестік аудит бөлімінің басшысы Зоя Гусмановна өзкезегінде департаментінің атқарылып жатырған қызметтерімен бөлісіп, әрдайым департамент тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырғанын атады.
Жиын барысында облыстық, қалалық және уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан бірнеше мәселелер талқыланып, сұрақтар қойылып, нақты жауап таралынды. Жиын соңында Асылан Жұмабиденұлы қорытынды сөзін сөйлеп, аталған мәселер бойынша әріптестерін бірлесіп қызмет атқаруға шақырды. Жиналған қатысушыларға өз алғысын білдіріп, жиналысты жабық деп жариялады.

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы

17.09.2019 Мемлекеттік қызметтің әдеп нормалары

 


18.09.2019. Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде, жұмыс мезгілінен тыс уақытта Атырау облысы төңірегінің әсем табиғатымен, рухани байлығымен танысу, оның қадір қасиетін түсіну және күнделікті жұмыстан бөлек, серігу мақсатында далалық жерге саяхатқа шықты.

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы

19.09.2019.Бүгін, 19 қыркүйек күні Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағаның міндетін атқарушы А.Құмаровтың төралығымен және комиссия мүшесі Л.Аққажиеваның жүргізуімен, өзінің жетекшілік ететін облыстық, мәслихат, қаржы және экономика саласының орынбасарлары мен есепшілеріне қаржы және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардыболғызбау және алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған шараға 19 мемлекеттік мекеменің өкілдері қатысты, соның ішінде: – Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының Бас маман- мемлекетті кеңбек инспекторы Муханова Гульдана Джумабекқызы ,Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу Департаменттің Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы Жардемов Қаhарман Сейілханович, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы Сарманов Нұрболат Әлібекұлы, Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті Келісім шарттарды тіркеу бөлімінің басшысы Сазлиева Динара Магазқызы, Атырау облысы бойынша ішкі аудит департаментінің Камералдық бақылау бөлімінің басшысы Телишева Гүлжайнап Аманжанқызы, Атырау облысы Полиция департаментінің Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары Давлетова Гульзада Айтимқызы, Атырау облысы Полиция департаменті Тыл мен қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары Кенжегулова Гульнара Саликаденқызы, Қазақстан Республикасы байланыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің (Сыбайлас жемкорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментінің Алдын-алу және парасаттылық басқармасының бас маманы Аманиязова Айдана Талғатқызы және Махамбет, Құрманғазы аудандары бойынша мәслихат, әкімі аппаратарының және қаржы бөлімдерінің өкілдері қатысты. Жиында қатысушылар баяндамаларын оқып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, бюджеттегі кемшіліктер мен пайда болатын мәселелер талқыланып, ұсыныстарберілді. Осындай жиындардың бұзушылықтарды болдырмау және бюджеттік әкімгерлердің бірлесіп жұмыс атқаруының мақсатында ұйымдастылғанын айта кетуіміз керек.

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы

23.09.2019 Мемлекеттік қызмет мәртебелі міндет!
Өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі,оның идеясы мен саясатын алға апарушы сол мемлекеттік қызметші. Мамандарға артылар жүк ауыр.Болашағынан зор үміт күттірген жас мемлекеттік қызметшінің бірі, жоспарлау талдау және есептілік бөлімінің жетекші маманы А.Сапиева.


Бүгін Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы ұжымы өзен, көлдер жағалауындағы қоқыс қалдықтарын тазалауға арналған #birgetazaQazaqstan атты экологиялық акцияға белсенді қатысты.
Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралыӘдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы

Мақаланың шыққан күні: 12.04.2020

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев

Сенiм телефоны
Тексеру комиссиясының
45-84-41

Сенiм телефоны 1494

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
revcomatyrau
45-84-41
Мамыр (2021)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31