Тексеру комиссия мүшелері

Басшылық

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

Қонысов Нұрбол Айтбайұлы 1989 жылы 27 наурызда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосында дүниеге келген.

2010 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Экономика және басқару факультетінде «Қаржы» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2008 жылы «Қазпочта» АҚ-нан бастап, 2010 жылы «Егемен құрылыс» ЖШС-де қызмет атқарған.

2012-2013 жылдары Атырау облысы сот актілерін орындау департаментінің «Қаржылық және материалдық-техникалық бөлімінде» жетекші маман болған.

2013 жылы Атырау облысының Тексеру комиссиясында Талдамалық жұмыстар және сапаны бақылау бөлімінің жетекші маманы, 2014-2017 жылдары Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының Талдамалық жұмыстар бөлімінде бас маман қызметін атқарған.

2017 жылдың мамыр айынан бастап Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының №1 Мемлекеттік аудит бөлімінің бас маман-бақылаушысы қызметін атқарған.

2018-2020 жылдары Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының №3 мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас инспектор-мемлекеттік аудиторы, бөлім басшысы-мемлекеттік аудиторы қызметтерін атқарған.

2020 жылдың 22 қаңтардан бастап Атырау облыстық мәслихат шешімі негізінде Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.

Марапаттары:Мемлекеттік қызмет атқару кезінде Атырау облысы тексеру комиссиясы төрағасының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің алғыс хаттарымен марапатталған.

«Мемлекеттік аудитор» сертификаты бар.

 


 

БасшылықАтырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі

Құмаров Асылан Жұмабиденұлы 1982 жылы 24 желтоқсанда Атырау қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары, Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің экономика факультетінің «жергілікті муниципалдық басқару» мамандығы бойынша бітіріп, экономист-менеджер біліктілігін иеленген.

Еңбек жолын 2004 жылы 19 шілдеде Атырау облыстық қаржы басқармасында Бағалы қағаздар нарығы және қаржы саясаты бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған;

2005 жылы Атырау облысы Қаржы департаментінің Міндеттемелерді талдау және қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің бас маманы лауазымын атқарған;

2005-2007 жылдар аралығында Атырау облысы Қаржы департаментінің Бюджеттің орындалуын үйлестіру және талдау бөлімінің бас маманы лауазымын атқарған;

2007 жылы Атырау облысы Қаржы департаментінің Рыноктарды және бір жолғы талондар бойынша қызметтің кейбір түрлерін басқару жөніндегі бөлімінің бас маманы лауазымын атқарған;

2007-2009 жылдары аралығында Атырау облысы Қаржы департаментінің Нақты секторды қаржыландыру жоспарларын жүргізу және рұқсат беру бөлімінің бас маманы лауазымын атқарған;

2009 жыл аралығында Атырау облысы Қаржы басқармасының Бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің ішкі бақылау бойынша бас маманы лауазымын атқарған;

2009-2010 жылдар аралығында Атырау облысы Қаржы басқармасының Түгендеу және мүлікті жалға беру бөлімінің бас маманы лауазымын атқарған;

2010-2011 жылдары аралығында Атырау облысы Қаржы басқармасының Түсімдерді талдау және қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің бастығы лауазымын атқарған;

2011 жыл аралығында Атырау облысы Қаржы басқармасының Түгендеу және мүлікті жалға беру бөлімінің бастығы лауазымын атқарған;

2011 – 2013 жылдары аралығында Атырау облысының Тексеру комиссиясы мүшесі лауазымын атқарған;

2013-2018 жылдары аралығында Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы мүшесі лауазымын атқарған;

11.10.2018 – 26.03.2019 жыл аралығында Атырау қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары лауазымын атқарған;

26.03.2019 – 21.06.2019 жылы аралығында Атырау облысының Полиция департаментінің ішкі аудит тобының бас маман лауазымын атқарған;

2019 жылдың 21 маусым күнінен бастап Атырау облыстық мәслихат шешімі негізінде Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.

Марапаттары: Есеп комитетінің II – дәрежелі қаржы саласының үздігі төсбелгісі, III – дәрежелі «қаржы сақшысы» медалі. Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 5 жылдық мерекелік медалі, облыстық және қалалық мәслихатының, облыс әкімінің, мемлекеттік қызмет істер жөніндегі уәкілетті органның, полиция департаментінің бастығының бірнеше алғыс хаттары.

«мемлекеттік аудитор» сертификаты бар.

 


БасшылықАтырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі

Қайрошева Гүлпан Мұхитқызы 1965 жылдың 20 сәуірінде Гурьев (қазіргі Атырау) облысы Гурьев қаласында дүниеге келген.

1983 жылы Қаз ССР-ы ауылшаруашылық Министрлігінің Гурьев ауылшаруашылық техникумында «Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп, бухгалтер», 1999 жылы Еуразия Нарық институтында «Бухгалтерлік есеп және аудит, экономист», 2010 жылы Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған.

Өзінің алғашқы еңбек жолын 1983 жылы «Балықшы аудандық тұрмыстық комбинатында» кассир қызметінен бастаған.

1985-1993 жылдар аралығында Ғылыми-техникалық ақпарат орталығында, Табиғатты қорғау қоғамының облыстық бөлімшесінде бас есепші болып еңбек атқарған.

1993-2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қаржылық бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасында аға бақылаушы-тексеруші, бас бақылаушы-тексеруші, сектор меңгеруші қызметтерін атқарған.

2010-2011 жылдары аралығында «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясында Әкімшілік бөлімінің меңгеруші – бас есепшісі.

2011-2017 жылдар аралығында Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының Жергілікті бюджеттің шығыс бөлігіне бақылау жасау бөлімінің бас маманы, №1 бюджеттерді және мемлекеттің активтерін бақылау бөлімінің бас маманы, №1 бюджеттерді және мемлекеттің активтерін бақылау бөлімінің бас инспектор-бақылаушысы қызметін атқарған.

2017 жылдың 8 тамызынан бастап №2 мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің басшысы-мемлекеттік аудиторы қызметін атқарған.

2018 жылдың 15 қараша айынан бастап Атырау облыстық мәслихат шешімі негізінде Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.

Марапаттары:

Г.М.Қайрошева 2011 жылы – III дәрежелі «Қаржы сақшысы» медалімен және 2016 жылы – «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталған.

«Мемлекеттік аудитор» сертификаты бар.

 


БасшылықАтырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

Аккажиева Ләззат Сатыбалдықызы 1967 жылы 8 наурызда Гурьев облысы, Гуьев қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары: «Экономист» және инженер экономист мамандығы бойынша жоғары оқуды аяқтаған.

Еңбек жолын 1984 жылы Тігін фабрикасынан бастаған;

1987-1991 жылдары Қалалық партия комитетінің секретарі қызметін атқарған.

1992 жылы Гурьев қаласының «Агропромбанк» АҚ-ында секретарь-кассир, Жылыой ауданы, Құлсаы қаласында «Ембісбербанк» АҚ-ында контролер қызметтері атқарған.

1992-1994 жылдары Атырау қаласындағы «Аграпрмстрой» АҚ-ында есепші-кассир.

1995-1997 жылы Атырау қаласының Атырау аумақтық мүлікті бақылау комитетінде маман болған.

1997-1998 жыл Атырау облыстық еңбекпен қамту орталығының мемлекеттік инспектор лауазымын атқарған.

1998-1999 жыл Атырау облыстық қоғамдық келісім және ақпарат басқармасының бас есепшісі;

1999-2002 жыл Атырау қаласындағы «Офис сервис» МКМ-нің аға есепшісі;

2002-2008 жыл Атырау қаласы әкімі аппараты, есеп және есептеу бөлімінің бастығы лауазымын атқарған;

2010-2011 жыл Атырау облысы әкімі аппаратының ішкі бақылау бөлімінің бас маманы;

2014-2019 жылдары Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясында бас маман-бақылаушы лауазымынан бастап, бас инспектор – мемлекеттік аудитор, бөлім басшысы лауазымдарын атқарып келді;

2019 жылдың 21 маусымдағы № 339 –VI Атырау облыстық мәслихат шешімі негізінде, 2019 жылдың 15 шілдесінен бастап Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.

Мемлекеттік қызмет атқару кезінде облыс әкімінің, мемлекеттік қызмет істер жөніндегі уәкілетті органның алғыс хаттарымен марапатталған.

Мемлекеттік аудитор сертификаты бар.

 


[an error occurred while processing the directive]