АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ

Обычная версия

Жаңалықтар мұрағаты
27.12.2022

2022 жылдың 12 қазанындағы Тексеру комиссиясы жанындағы Консультативтік кеңес отырысында қабылданған ұсынысты орындау мақсатында ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Р.Төлебаев және Кеңес мүшелері, Атырау облысы ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті.

Азаматтық орталық басшысы Ж.Доскалиева Орталық пен үкіметтік емес ұйымдардың жыл ішінде атқарылған жұмыстарын баяндап, алға қойған жоспарларымен таныстырды және сұрақ-жауап алмасулар болып, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды.

Жиын соңында Р.Төлебаев Азаматтық орталықтың жұмысын жүйелендіру және одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар берді.

14.10.2022

2022 жылдың 12 қазанында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы жанындағы Консультативтік кеңестің 6-шы отырысы өткізілді.

Кеңес отырысының күн тәртібіне енгізілген Махамбет ауданындағы ауылдық округтерге бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына жүргізілген аудиторлық шараның қорытындысымен Консультативтік кеңес отырысының хаттамасымен берілген тапсырмалардың орындалғаны талқыланып, Махамбет ауданы бойынша селолық округтердің халық санын ескере отырып, сенімгерлікке беру бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысуға төленетін жарнаның соммасын азайтуға ұсыныс беру және мектепке дейінгі балабақша, мектептерді қаржыландыру функциясын қайтадан әкімдікке беру жөнінде мүдделі органдар өкілдерінің қатысуымен ZOOM платформасы арқылы кездесу ұйымдастыру арқылы, нәтижесінде қабылданған шешім бойынша құзырлы органға ұсыныс жолдау ұйғарылды.

Сонымен қатар, 2021-2022 жылдардағы жергілікті бюджеттің жоспарлануына және атқарылуына бюджет жүйесінің қағидаттарының сақталуын, сонымен қатар, 2019-2021 жылдардағы жергілікті бюджетке түсетін түсімдерге аудит жүргізудің нәтижесімен Исатай, Махамбет аудандарындағы жеке тұлғалардан түсетін көлік салығы бойынша салық берешектері туралы мәліметтерді жинақтап, талдау жасау арқылы қалыптасқан берешектер бойынша Қазақстан Республикасы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кодекс және Қағидасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсыныс жолдау талқыланды.

Кеңес отырысының күн тәртібіне енгізілген үшінші мәселе Жергілікті деңгейде ішкі саясатты іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдалануы бойынша соның ішінде «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бөлінетін қаражаттың тиімділігін, мекеменің атқаратын қызметінің маңыздылығын зерделеу арқылы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен Консультативтік Кеңестің кезекті отырысын Азаматтық орталықта өткізу ұйғарылды.

Отырыс соңында жоғарыда ұсынылған мәселелер талқыланып, Кеңес мүшелері Тексеру комиссиясының төрағасына мемлекеттік аудитпен анықталған бұзушылықтарды болдырмау және проблемалық сұрақтарды шешу мақсатында мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларына бірнеше ұсыныстар енгізілді.

01.07.2022

Кеңестің отырысында Махамбет ауданындағы ауылдық округтерге бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына жүргізілген аудиторлық шараның қорытындысымен берілген ұсыныстар талқыланды.

Ондағы басты мәселе ауылдағы жұмыссыздар санын азайту мақсатында тұрғындарды кәсіпкерліктің негіздеріне оқыту; мектепке дейінгі балаларды толыққанды бала-бақша орындарымен қамтамасыз ету іс-шараларын үйымдастыру; инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ете отырып, жеке тұрғын үй құрылысына жер кезегін бөлуді реттеу; ауданаралық қоғамдық автокөлікпен қамтамасыз ету.

Осы аталған ұсыныстар округ әкімдері тарапынан толық шешімін таппағандықтан, кеңестің отырысына екінші рет енгізіліп отыр.

Отырыс соңында жоғарыда ұсынылған мәселелер талқыланып, Кеңес мүшелері Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудитпен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларына берілген жоғарыдағы ұсыныстарының толықтай орындалмайынша бақылауда болып, кеңес отырысына шығарылып отыратындығы және бұл ауыл әкімдерінің жұмысының тиімділігін көтеру арқылы, сол жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын көтеру үшін жасалып отырғандығы аталып өтті.

Сонымен қатар, аталған Консультативтік кеңестің келесі отырысы Атырау қаласында жалғасын тауып, онда Атырау облысының денсаулық сақтау саласына жүргізілген аудитпен анықталған кемшіліктер талқыланды.

Отырысқа Атырау облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының қызметін үздіксіз қамтамасыз ету үшін «Адис» немесе «Көмек 103» ақпараттық жүйесі мен «Damumed» ақпараттық жүйесінің өңір бойынша өкілдерін оффлайн режимде, ал Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілдерін «ZOOM» платформасы арқылы қатысты.

Кеңес отырысында «Damumed» ақпараттық жүйесінің жасақтаушыларымен тұрғындардың пікір қалдыру тетіктерін жетілдіру мақсатында науқаспен қалдырылған пікірге дәрігердің кері байланыс орнату мүмкіншілігі бар екендігі аталып өтіп, нәтижесінде «Damumed» ақпараттық жүйесі одан әрі жетілдірілетіндігі баяндалып, сонымен қатар, кадрмен қамтамасыз ету, еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін қалыптастыру, құрал-жабдықтар және дәрі-дәрмекті пайдалану және есебін жүргізу электрондық жүйесін енгізу мәселелері талқыланды.

Отырыс соңында жоғарыда ұсынылған мәселелер талқыланып, Кеңес мүшелері Тексеру комиссиясының төрағасына мемлекеттік аудитпен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларына бірнеше ұсыныстар енгізілді.

30.06.2022

022 жылдың 30 маусымында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы жанындағы Консультативтік кеңестің 4-ші отырысы көшпелі болып Махамбет селосында өткізілді.

16.05.2022

Кеңестің отырысында Махамбет ауданындағы ауылдық округтерге бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына жүргізілген аудиторлық шараның қорытындысымен берілген ұсыныстар талқыланды.

Ондағы басты мәселе ауылдағы жұмыссыздар санын азайту мақсатында жұмыссыздарды кәсіпкерліктің негіздеріне оқыту; мектепке дейінгі балаларды толыққанды бала-бақша орындарымен қамтамасыз ету іс-шараларын үйымдастыру; коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ете отырып, жеке тұрғын үй құрылысына жер кезегін бөлуді реттеу; ауданаралық қоғамдық автокөлікпен қамтамасыз ету.

Осы аталған ұсыныстар округ әкімдері тарапынан толық шешімін таппаған.

Екінші талқыланған мәселе Мәдениет саласына бөлінген бюджет қаражатының пайдалануына жүргізілген аудиторлық шараның қорытындысымен берілген ұсыныстар.

Мәдени іс-шараларды жоспарлау барысында баға салыстыру шараларын, маңыздылығы, өзектілігі және шығындар сметасының анықтығын, негізділігін қамтамасыз ету; мәдени іс-шаралардың жылдың жоспарын бекітуде көркемдік кеңеспен талқылануын қамтамасыз ету; жоспардан тыс мәдени іс-шараларды өткізуге жол бермеу.

Жоғарыда аталған ұсыныстар аудит объектілері басшылары тарапынан толық орындалмай отыр.

Махамбет ауданы және Мәдениет саласында анықталған қаржы бұзушылықтар мен кемшіліктер туралы аудиторлық іс-шаралардың орындалысы жөнінде аудиторлық іс-шараға жауапты комиссия мүшелерінің баяндамалары мен аудит объектісі басшыларының есебі тыңдалды.

Жиынға Кеңес мүшелері, мемлекеттік аудит объектілерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, Кеңес мүшелері аудит объектілері басшылығына бірнеше сұрақтар қойып жауаптар алынды.

Отырыс соңында жоғарыда ұсынылған мәселелер талқыланып, Кеңес мүшелері Тексеру комиссиясының төрағасына мемлекеттік аудитпен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларына бірнеше ұсыныстар енгізді.

11.05.2022

2022 жылдың 11 мамырында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы жанындағы Консультативтік кеңестің 3-ші отырысы өткізілді.

13.10.2021

2021 жылдың 13 қазанында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы жанындағы Консультативтік кеңестің 1-ші отырысы өткізілді.

Тексеру комиссиясының Ережесіне сәйкес комиссиясының тиімді қызметі, аудиторлық іс-шараларды жүргізудің барлық кезеніңде консультативтік көмек көрсету және сүйемелдеу мақсатында, 2021 жылдың 5 қазандағы №105 бұйрығымен Тексеру комиссиясы төрағасының жанындағы тұрақты жұмыс істейтін Консультативтік Кеңес құрылып, Ережесі бекітілді.

Кеңестің алғашқы отырысын ашқан Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы – Төлебаев Равиль Қуанышбайұлы Консультативтік кеңестің құрамымен таныстырып, негізгі мақсатын түсіндірді.

Кеңестің құрамына мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдері және тексеру комиссиясының өкілдері енгізілді. Консультативтік кеңестің төрағасы болып Атырау облыстық мәслихатының депутаты Абдолов Амангелды Аманиязұлы және орынбасары комиссия мүшесі Құмаров Асылан Жумабиденұлы бекітілді.

Жиынға Кеңес мүшелері, мемлекеттік аудит объектілерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кеңестің 1-отырсында 3 негізгі яғни, мемлекеттік аудиторлық іс-шара кезінде анықталған бұзушылықтар мен оның себеп салдары туралы мәселе шығарылып кеңінен талқыланды.

1-мәселе бойынша жергілікті бюджетке түсетін түсімдер бойынша аудиторлық іс-шаралардың орындалысы, 2-мәселе білім беру саласындағы қаржы бұзушылықтар және 3-мәселе денсаулық сақтау саласындағы кемшіліктер туралы аудиторлық іс-шараға жауапты комиссия мүшелерін баяндамалары мен аудит объектісі басшыларының есебі тыңдалды.

Отырыс соңында жоғарыда ұсынылған мәселелер талқыланып, Кеңес мүшелері Тексеру комиссиясының төрағасына мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларына бірнеше ұсыныстар енгізді.

06.10.2021

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасы Төлебаев Равиль Қуанышбайұлының 2021 жылдың 5 қазанындағы № 105 бұйрығымен, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы Ережесінің 22 тармағының 18) тармақшасына сәйкес, Тексеру комиссиясының тиімді қызметі, аудиторлық іс-шараларды жүргізудің барлық кезеңінде консультативтік көмек көрсету және сүйемелдеу мақсатында, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының жанындағы тұрақты жұмыс істейтін Консультативтік кеңес құрылып, Кеңестің Ережесі бекітілді.

Кеңестің құрамына мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдері, Тексеру комиссиясының өкілдері енгізілді. Консультативтік кеңестің төрағасы Атырау облыстық мәслихатының депутаты Абдолов Амангелды Аманиязұлы, орынбасары болып Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Құмаров Асылан Жұмабиденұлы ұсынылып бекітілді. Консультативтік кеңестің мүшелері болып, келісім бойынша Атырау облыстық мәслихатының депутаттары Баймұханов Ізтұрған Ұзақбайұлы, Қарсақова Замзагүл Ондасынқызы, Шалабаева Насіп Кисметуллақызы, «Nur Otan» партиясы» Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Азаматов Арман Серікұлы, Атырау адалдық алаңы жобалық кеңсесінің жетекшісі, Атырау қалалық мәслихатының депутаты Адиева Альфия Дәулетқалиқызы, Салық саласының ардагері, қоғам белсендісі Юсупов Батырбек Даңбасұлы, Атырау адалдық алаңы «ААА» қоғамдық қорының төрағасы Ускенбаев Сакен Булекбайұлы қоғам белсендісі және Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Мулдагалиева Жулдыз Исатайқызы, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің басшысы Кайргалиева Асем Галымгереевна бекітілді.

Кеңестің негізгі міндеттері Тексеру комиссиясы аудиторлық іс-шараларды жүзеге асыруы кезінде сараптамалық, консультативтік, әдістемелік көмек көрсету, тиісті мәслихаттарға ұсынылатын облыстық бюджеттің, облыс қалалары мен аудандары бюджеттерінің атқарылуы туралы жыл сайынғы есепті дайындауға көмек көрсету, Тексеру комиссиясы қызметінің негізгі бағыттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Сондай-ақ, қаржылық бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол берілуіне ықпал ететін жағдайларды зерделеудің нәтижелерін талқылап, оларды жою бойынша ұсынымдарды шығарады, құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесуді жетілдіру бойынша ұсынымдарды әзірлеу, оларды қабылдау немесе бас тарту туралы негізделген ұсыныстарды енгізумен, аудит объектілерінің қарсылықтарын қарау, қажет болғанда, қайталап аудиторлық іс-шараларды тағайындау (қайта тексеру) туралы ұсыныстарды енгізу, Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімімен жүргізілген сапа бақылауы нәтижелері бойынша туындаған қарсылықтар мен келіспеушіліктерді қарау, жергілікті бюджеттің атқарылуына жүргізілген бағалаудың (талдаудың) нәтижелерін қарау, аудиторлық іс-шараларды жүргізу рәсімдерін жетілдіру, жоспарлауды жетілдіру, аудит сапасын арттыру, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізу болып табылады.

Тексеру комиссиясы аппаратының Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі Кеңестің жұмысын қамтамасыз ететін Жұмыс органы болып табылады.

Кеңестің жалпы отырысы оның барлық мүшелерін шақырумен, әдетте, үш айда бір реттен кем емес өткізіледі.

Консультативтік кеңестің кезекті отырысына өткен жылдардағы тексеру комиссиясымен Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдардың және Нұсқаманың, Қаулылардың тармақтарының орындалу барысы туралы мәселені талқылау мемлекеттік аудит объектілерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың және ұйымдардың лауазымды адамдарының ақпаратын тыңдау арқылы үш мәселе қаралатын болады.