«Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ (060005, Атырау қ., М.Ауэзов 80 (1) көшесі, анықтамалар үшін телефон/факс: 8(7122)45-86-89 8(7122)45-84-41, электрондық пошта: revcomatyrau@rambler.ru) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
- (Блок С) Құжат айналымы бойынша бас инспектор, D-3 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 226 837 теңгеден 260 564 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Жоғары тұрған органдардан түскен және тексеру комиссиясы төрағасының, аппарат басшысының хаттамалық тапсырмаларының, бөлімнің жұмыс жоспарының орындалуын қамтамасыз етуге.
Мемлекеттік аудит объектілері тізбесіне сәйкес тексеру комиссиясы төрағасының, аппарат басшысының және комиссия мүшелерінің төрағалығымен өтетін мәжілістерге шақырылған қызметкерлердің қатысуын қамтамасыз ету. Тексеру комиссиясының жоспарына сәйкес алқа мәжілістері мен төрағамен, аппарат басшысымен өткізілетін кеңестер, отырыстар материалдарын дайындау, оның хаттамамен рәсімделуін және орындаушыларға жеткізуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу; тексеру комиссиясының құжат айналымын, құжаттама жасауды және құжаттаманы жүргізуге; сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөліміне, регламентке сәйкес бөлімге келген аудиторлық материалдарды сканерлеуге, оларды электрондық құжат айналымы арқылы (ЭҚАБЖ) тіркеп табыстауға, Тексеру комиссиясына келіп түскен құжаттарды және қол қоюға дайындалған материалдарды жинақтап, олардың уақытында қаралуын қамтамасыз ету. Құжаттардың қозғалысы мен орындалуына талдау жасау. Келіп түскен хат-хабарды қабылдау және тіркеу, тіркеу картотекасын жүргізу, хат-хабарды адресатқа жеткізу. Тексеру комиссиясының істер номенклатурасын дайындап, басшылыққа бекітуге ұсыну. Ағымдағы мұрағат жұмысын жүргізу. Электрондық құжат айналымның бірыңғай жүйесі бойынша хат-хабардың жіберілетін бағыты бойынша қажетті анықтамалар беру. Тоқсан сайын кіріс, шығыс құжаттар бойынша есеп дайындау. Баспасөз қызметін жүзеге асырады. Тексеру комиссиясының отырыс өткізілетін орындарын дайындауды қамтамасыз етеді және залдың техникалық дайындығын жүзеге асыруға;
Азаматтар мен заңды тұлғалар өтініштерін қарау, оларды қабылдауды ұйымдастыру әдістерін жетілдіру, «Е-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдаумен өндеудің бірыңғай платформасы бойынша жұмыстарды қадағалап, үйлестіруге.
Мемлекеттік аудитор сертификаты бар болған жағдайда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау заңнамасына сәйкес тиімділік аудитін, сәйкестік аудитін, қаржылық есептілік аудитін және шоғырландырылған қаржылық есептілікке аудитін мемлекеттік аудитор ретінде жүзеге асыру, болмаған жағдайда ассистент ретінде қызметін жүзеге асыруға;
«ЕК ИАЖ» (Есеп комитетінің Интеграцияланған ақпараттық жүйесі) және «Е-қызмет» бағдарламаларымен жұмыс атқаруға;
Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының актілерін басшылыққа алып өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға.
Тексеру комиссиясы төрағасының және аппарат басшысының жүктеген басқа да жұмыстарды атқаруға міндетті.
Тексеру комиссиясы Ережесі мен Регламентінде белгіленген бөлімге қатысты мәселелер бойынша жұмыстарды орындауға міндетті.
Жалпы конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім: бизнес, басқару және құқық (мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент); Білім (қазақ тілі жəне əдебиеті, орыс тілі және әдебиеті); Құқық (құқықтану, халықаралық құқық).
Мынадай құзыреттердің бар болуы: Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
4) кеңесші және көмекші лауазымдарына жұмыс тәжірибесі қажет емес.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;
3) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариат куәландырған көшірмелері;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Сонымен қатар, жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі №158 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24350 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) құжаттар ұсынылған күнге дейін күнтізбелік отыз күн ішінде куәландырылған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыра алады.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде ұсынған кандидаттарға қолхат электрондық түрде құжат ұсынылған электрондық пошта мекенжайларына, ақпараттандыру объектілерімен жіберіледі.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру Уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам құжаттарды «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 32-бабы 3-тармағына сәйкес бекітілген мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленген мемлекеттік органның жұмыс уақытында қабылдайды.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға осы Қағидалардың 76 және 79-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қолма-қол, пошта арқылы немесе олардың электрондық көшірмелерін конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері, электрондық пошта мекенжайлары арқылы ұсынады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Жалпы конкурсқа қатысып, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-де өтеді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.
Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.
Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.
Конкурс аяқталғанға дейін уәкілетті органдарға ақпарат беруді немесе Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасымен белгіленген басқа да жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органның жұмыскерлерімен конкурс комиссияларының құрамы туралы деректерді көпшілікке жария етуге жол берілмейді.
Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелері жұмыскерлерінің конкурс комиссиясының отырысына, оның ішінде қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы қатысуына жол беріледі.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасауға құқылы.
Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.
Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне жібереді.
Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне жібермеуге құқылы.
Конкурс комиссиясының әкімшілік актісіне қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей шағым беру немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне шағым беру уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің Қағиданың 103-1 тармағына сәйкес келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін әкімшілік актінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені _____________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________ (иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Мекен жайы: _________________________________________________________________
Байланыс телефоны: ___________________________________________________________
e-maіl: _______________________________________________________________________
ЖСН: _______________________________________________________________________
_________ ___________________________________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы
Нысан
“Б” КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА “Б”
_______________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /фамилия, имя, отчество (при наличии)
_______________________________________________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ | ||
1 | Туған күні және жері/
Дата и место рождения
|
|
2 | Ұлты (қалауы бойынша)/ Национальность (по желанию)
|
|
3 | Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы / Семейное положение, наличие детей | |
4 | Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения |
|
5 | Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) | |
6 | Шетел тілдерін білуі/Владение иностранными языками
|
|
7 | Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /Государственные награды, почетные звания (при наличии)
|
|
8 | Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) |
|
9 | Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) | |
10 | Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими) |
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні /Дата | Қызметi, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жерi/ Должность, место работы, местонахождение организации |
|
Қабылданған/ приема |
Босатылған/ увольнения |
|
* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады
____________________________________
күні/дата Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
«___»_______________ 20 __ ж.